4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ
Өзекті мәселе

Алматы облысында 63 жастағы зейнеткерді көршісі жауыздықпен өлтірді

Алматы облысында көршісі 63 жастағы зейнеткерді жауыздықпен өлтіріп, 9 жастағы немересін ауыр жарақаттаған. Алайда сот шешімімен ол түрмеге емес, психиатриялық ауруханаға жатқызылған. Жазамен келіспеген туыстары мұндай адамға қоғамда орын жоқ дейді.

Марқұмның қызы Салтакина Тахмина көршісінің анасының үйіне ақша сұрап келгенін айтады. Алайда анасы кері қайтарып жіберген соң, екінші рет балта мен пышақ ұстап келген.

“Ол балтасын қайрап, басқа көршімізге көрсеткен. Кісі өлтіретінін қайдан білсін. Анам ақша бермейтінін айтып қуып жібермек болыпты, осы кезде маңдайынан балтамен екі рет ұрған. Шулаған дауыстарды естіген ұлым Александр басқа бөлмеден шығыпты. Ұлымның көзінше анамды төрт рет пышақтаған. Александр қатты қорыққаннан қолына түскен заттарды Константинге қарай лақтырған. Осы кезде ол Александрды пышақпен қуыпты. Жеткен соң кеуде тұсына пышақты сұғып алған. Салдарынан өкпесі, бауыры зақымдалып, оң жақ бүйрегін алып тастауға тура келді”, – деп қосты ол.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *