4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Спорт

1 млдр теңге бөлінген Қажымұқан кешенінің құрылысы аяқсыз қалды

Қазақты әлемге танытқан Қажымұқан Мұңайтпасұлының кешінен 500 млн теңге таба алмау салтымызға сын! Мәжілісте депутат Дархан Мыңбай осы мәселені көтеріп, Ұлттық экономика министрлігіне сауал жолдады. Айта кетсем, былтыр даңқты балуан Қажымұқан Мұнайтпасовтың 150 жылдығына Түркістан облысындағы Темірлан аулының маңынан алып кешен салынбақ болған.Алайда сол туристік орталықтың құрылысы аяқсыз қалды. Тіпті, биыл да бітпейтін түрі бар. Өйткені, министрліктегілер оған ақша жоқ деп қысқа қайырып отыр.

Қуаныш Ескермес- палуан атаның шөбере інісі:
«Қарашаңыраққа қарап отыр.Мұнда алыс-жақын шетелден арнайы іздеп келетіндер бар дейді».

Ал, бұл кісі Мұңайтпасов қорының мүшесі Сағынғали Әбубәкір. Кешен құрылысы басталады дегенде бөркін аспанға лақтырып қуанғандардың бірі. Алайда, құрылыстың басталуынан тоқтауы тез болды. Көптеген жиындарда осы мәселені көтеріп жүр. Енді үкіметтегілерге де жетсе екен дейді.

Жобаның жалпы құны 1 млрд 375 млн. Былтыр республикадан 30 млн бөлінген. Мердігер компания жұмысты артығымен орындапты. Жергілікті атқамінерлер болса, биыл Ауыл ел бесігі аясында 511 млн тг қаржы сұраған. Өздері шешуге жергілікті биліктің шамасы жетпейді.
Депутат Дархан Мыңбай бүгін мәжіліс отырысында аталған кешенге қаржы бөлу жөнінде экономика министрлігіне сауал жолдады.

Дархан Мыңбай – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
«Ол экономист, бизнесмен болмады. Қорды да басқармады. Алайда жалғыз өзі бір ұшаққа қаржы жинап, Отанға үлес қосты. Сол кісіге арналған кешенге бәріміз қосылып, 511 млн теңге таба алмауымыз – елдігімізге, әруақ сыйлаған салтымызға сын емес пе?»

Бұл істің биылда бітпейтін түрі бар. Өйткені, Ұлттық экономика вице-министрлігіндегілер қажетті қаржыны келесі жылы қарастыруға тырысатынын айтты.
Тимур Жақсылықов -Ұлттық Экономика вице-министрі:
«Біз бюджетті қалыптастыру кезінде келесі жылы осы сұрақты қамтуға тырысамыз. Өкінішке қарай, бюджеттің биылғы мүмкіндігі көтерілген мәселелердің бәрін қамтуға жеткіліксіз. «Ауыл – ел бесігі» жобасына да. Тиісті құжаттарды айқындау кезінде жергілікті атқарушы органдармен осы мәселелерді реттеуге тырысамыз».

Бұл хабар жергілікті тұрғындарды да қуанта қоймасы анық. Дегенмен құрылыс фирмаса қаржы толық қаралса, 11 айда жұмысты аяқтаймыз деп отыр.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *