Фрау Меркель дәуірі бітті

16 жыл бойы Германия Канцлері болған Ангела Меркель ресми түрде қызметін тоқтатты. Халық арасында да, шетелде де «Фрау Меркель» атанып кеткен Германия басшысы Парламенттік сайлау басталмай жатып-ақ, қызметін әрі қарай жалғастырмайтынын айтқан болатын. Ангела Меркель Герман Федеративтік Республикасы емес, Герман Демократиялық Республикасының тумасы және социалистік лагерьде туып-өскен алғаш Германия канцлері. Саясатқа ол тек, физика ғылымдарының…

Read More

Ұлттық спортты ұлықтауға тыйым салынуы мүмкін

 Бүгін Мәжіліс қабырғасында «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заң жобасы талқыланды. Дәлірек айтсақ, онда «Жануарлардың жарақат алуына, мертігуіне, олардың өліміне әкеп соқтыратын ойын-сауық шараларын ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады» деп тайға таңба басқандай жазылыпты. Дұрыс шығар, хайуан да болса, жаны бар, азаптау – обал. Әйтсе де осы ретте «Атадан келе жатқан дәстүрлі көкпар, кәйге сынды ойындарымыздың…

Read More

Түркістан халқы 220 мыңға жетті

Түркістан қаласы елімізде бірінші болып халық санағын аяқтады. Нәтижесінде шаһар тұрғындарының саны 220 мыңға жеткені белгілі болды. Бұған дейін 179 мың деп есептеліп келген қала халқы санақ көрсеткіші бойынша 98,6 пайызды құрап, елімізде екінші орынға шықты. «Енді қалған үш күн ішінде облыс тұрғындарын да түгендеп бітеміз», – , дейді облыс әкімінің орынбасары Арман Сәбитов. Арман…

Read More

Балаларға вакцина салына бастайды

Қараша айының соңында 12 жасқа толған балаларға коронавирусқа қарсы екпе салына бастайды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері хабарлады. Ол үшін елге арнайы Pfizer компаниясының вакцинасы әкелінеді. Тек медициналық мекемелерде ғана салынатын екпені алу үшін ең алдымен ата-ананың жазбаша рұқсаты керек. Қарсы болса, яғни, бас тартса, оларды ешкім мәжбүрлемейді. Осы ретте жасөспірімдерге екпе салдыруға қатысты…

Read More

«Елбасы жолы» экспедициясы келді

Тәуелсіздік мерекесінің 30 жылдығына орай Шамалғаннан бастау алған «Елбасы жолы» экспедициясы Түркістан қаласына келді. Мақсаты – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті, Елбасы Н. Назарбаевтың шығармашылық және саяси жолын кеңінен насихаттау, көшбасшының өмірінен сыр шертетін маңызды орындарды аралау.  «Ел Үміті» бастамасының ең үздік жастарынан тұратын топ мыңжылдық өркениеттердің торабы болған Түркістан қаласына келіп, 14-29 жас аралығындағы «Елбасы…

Read More

75 бүлдіршін үйде қамалып отыр

Өйткені баратын бақшалары осыдан он ай бұрын өртеніп кеткен. Содан бері мекеме қайта қалпына келтірілмей, қызметкерлері жұмыссыз отыр. «Ғимаратты жөндеп, жалақыны сол күйі сақтаймыз» деген атқамінерлер уәдесі құрғақ сөз болып шықты. Әңгіме Отырар ауданының Ақтөбе ауылы жайлы. 2000 мыңға жуық тұрғын әкімдіктен нысанды  жөндеп беруді сұрай-сұрай шаршаған. Қала берді, күнделікті нәпақасын сол жерден тауып келген…

Read More

Түркі әлемі университеттер Одағының V Бас Ассамблеясы өтті

26 қазан күні Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде (бұдан әрі – Университет) Түрік Кеңесі Түркі әлемі университеттер Одағының V Бас Ассамблеясы өтті. Жиынға Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Венгрия елдеріндегі 32 университеттің ректорлары, ғалымдары мен студенттері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері, дипломаттар,  эксперттер, қоғам және мәдениет қайраткерлері қатысты. Мәжіліс Түрік Кеңесінің Бас хатшысы Б….

Read More

Түркі кеңесінің бас кеңсесі көшіп келуі мүмкін…

Түркістанды Түркі әлемінің мәдени және рухани орталығына айналдыру бағытындағы жұмыстар жандана түседі. Бұл жөнінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен Түркі кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреевпен кездесуінде айтылды. Бағдат Әміреев Түркістандағы өзгерістерге, атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, Түркі кеңесі аясында  маңызды бастамалардың бірқатарын осы шаһарда жүзеге асыруға қолдау болатынын жеткізді. «2021 жылғы 31 наурызда…

Read More

Тұншыққан тұрғындарды «допша теуіп» келген…

Қаладағы Сырғақ батыр көшесінде қос қабатты үй тұрғындарының соңғы бір-екі жылдағы көрген күні осы. Алайда жыл түгілі, мынадай сасық иіс жайлаған жерде бір сәт тұрудың өзі мұң. Себеп – нәжіске толған кәріз құдығы жертөлеге қарай ағып жатыр. Әсіресе, желді күндері күлімсі иіс бүкіл ауылды алып кететінге ұқсайды. Жұрт мәселесін айтып жауапты мекемелерге арызданғанмен, жергілікті билік…

Read More

Бүтін бір ұрпақ қоқыс арасында өсіп келеді…

Бұл – Түркістандағы «Бірлік» шағынауданы. Сырт көзге елді мекен емес, қоқыс полигоны секілді. Және күнделікті тұрмыстық қалдықтардан бөлек, адамдар мұнда өлексеге дейін сүйреп әкеліп тастап кете беретінге ұқсайды. Мәселе кеше-бүгін пайда болса бір сәрі, осылай жалғасып келе жатқанына ширек ғасырға жуықтапты. Құзырлы органдардың бәрі хабардар. Алайда олар мәселені біржақты шеше алмай, тек қоқыс төгушілерге айыппұл…

Read More