4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Cаясат

Түркі кеңесінің бас кеңсесі көшіп келуі мүмкін…

Түркістанды Түркі әлемінің мәдени және рухани орталығына айналдыру бағытындағы жұмыстар жандана түседі. Бұл жөнінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен Түркі кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреевпен кездесуінде айтылды. Бағдат Әміреев Түркістандағы өзгерістерге, атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, Түркі кеңесі аясында  маңызды бастамалардың бірқатарын осы шаһарда жүзеге асыруға қолдау болатынын жеткізді.

«2021 жылғы 31 наурызда «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» тақырыбында Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі өтіп, «Түркістан декларациясы» қабылданды. Қазіргі таңда Түркі кеңесіне мүше мемлекеттер арасында кәсіпкерлікті қолдау бағытында ортақ инвестициялық қор құру жұмыстары жүріп жатыр», – деген ол Түркі кеңесі арқылы Түркістанның тарихи-мәдени ғана емес, экономикалық рөлін арттыру бағытында да игі істерді талқылауға дайын екенін атап өтті.

Өмірзақ Шөкеев инвестициялық қордың ресми штаб-пәтерін Түркістаннан ашу жөнінде ұсыныс білдірді. Сонымен бірге Түркі кеңесі ұйымы аясында Түркістанда еркін экономикалық аймақ ашу үшін логистика мәселесін шешуге, Түркі мемлекеттері кәсіпкерлерінің форумын Түркістанда қабылдауға мүдделі екенін жеткізді.

Өмірзақ Шөкеев, Түркістан облысының әкімі:

«Бізге Түркістанды Түркі әлемінің орталығына айналдыру міндеті жүктелді. Осы ретте бауырлас елдерге ортақ халықаралық ұйымдардың бірінің бас кеңсесі Түркістанда орналасуы тиіс деп есептеймін. Түркі кеңесімен бірлесіп, ауқымды жобаларды жүзеге асыруға дайынбыз», – деді облыс әкімі.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *