4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Uncategorized

75 бүлдіршін үйде қамалып отыр

Өйткені баратын бақшалары осыдан он ай бұрын өртеніп кеткен. Содан бері мекеме қайта қалпына келтірілмей, қызметкерлері жұмыссыз отыр. «Ғимаратты жөндеп, жалақыны сол күйі сақтаймыз» деген атқамінерлер уәдесі құрғақ сөз болып шықты. Әңгіме Отырар ауданының Ақтөбе ауылы жайлы.

2000 мыңға жуық тұрғын әкімдіктен нысанды  жөндеп беруді сұрай-сұрай шаршаған. Қала берді, күнделікті нәпақасын сол жерден тауып келген қызметкерлер әлі жұмыссыз. Алақандай ғана ауылда  балалар баратын басқа балабақша да жоқ.

Райхан Өтепова, тәрбиеші:

«Бізге жалақымызды толық төленеді деп уәде берген. Үш ай ғана төледі, одан кейін ең төменгі жалақы 42500-бен қалдырды. Оның да қолға 36-37 мыңы ғана тиді. Қыркүйек айында ол да тоқтады. Бүгінде есепшотымызды жауып тастапты».

Гүлнәр Есенбекова, балабақша меңгерушісінің міндетін атқарушы:

«Балабақшада көбінесе әйелдер істейді. Оның 80 пайызға жуығы көпбалалы аналар».

Осы мәселемен, облыстағы жауаптыларға барғанымызда, бізді олар аудандық білім бөліміне қарай сілтеді. Ал, ондағылар «ақша жоқ», – деп қысқа қайырды. Түссе болды,  қызметкерлермен есеп айырысапақ екен өздері де. Алайда жалақы мәселесі жуырда шешілмейтін секілді. Ал, қаңтардан бері балабақшадан неге жөндеу көрмеді  деген сауалға….

Жанат Мұсатаева, Отырар аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы:

«Қаржы болмаған соң мен не істей аламын? Қолымнан не келеді? Менің құзырымдағы нәрсе емес ол», – деп жауап берді.

Түйін: Айта кетерлігі, әу баста балабақша қайтадан салынады деп уәде етілген екен. Алайда, «көктем келді, жаз бен күз өтіп барады, ешкімнің қозғалатын түрі жоқ», – дейді ақтөбеліктер. “Тым құрыса, ескі ғимараттың аман қалған бір бөлігін жөндеп берсе, амалдап жұмыс істей берер едік», – деп отыр екі қолға бір жұмыс таппаған балабақша қызметкерлері.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *