4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Cаясат

Фрау Меркель дәуірі бітті

16 жыл бойы Германия Канцлері болған Ангела Меркель ресми түрде қызметін тоқтатты. Халық арасында да, шетелде де «Фрау Меркель» атанып кеткен Германия басшысы Парламенттік сайлау басталмай жатып-ақ, қызметін әрі қарай жалғастырмайтынын айтқан болатын.

Ангела Меркель Герман Федеративтік Республикасы емес, Герман Демократиялық Республикасының тумасы және социалистік лагерьде туып-өскен алғаш Германия канцлері. Саясатқа ол тек, физика ғылымдарының докторы атағын қорғағаннан кейін ғана келген. Өзінің саяси жолын Христиан-Демократиялық Партиясында бастаған ол бірден сол кездегі Канцлер Гельмунд Кольдің көзіне түсіп, партия басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. 2005 жылдың 22-і қарашасында ол ең жас және алғаш Германияның әйел канцлері атанды.

Ол Христан-демократтар мен Социал-Демократтардың «Үлкен коалициясын» басқарды. Өзі қызмет атқарған уақытта «Фрау Меркель» стратегиялық әріптестерін сынаудан да тартынбаған басшы.

Ангела Меркель, ГФР канцлері:

«Адамдарды өз агрессивтік қимылдарды жүзеге асыру үшін пайдалануға болмайды. Біз ондайға қарсымыз және мен өз пікірімді анық түрде жеткіземін. Мен қайда тұрсам да адам құқығы туралы пікірімді бұғып қалмаймын. Мейлі мен Эстонияда тұрсам да, мейлі Ресейде болсам да».

Меркель билікке келгеннен кейін бірер жылда әлемдік экономиканы лезде құлдыратқан қаржылық дағдарыс басталды. Ол сатылы әрі тиімді экономикалық шараларды қолға ала отырып, Германияны дағдарыстан шығара білді. Көпшілік ЕВРО валютасын құтқарған дәл осы Меркель дейді. Себебі, дефолт қаупі төніп тұрған Грекияны да дағдарыстан шығарды. Сонымен қатар, неміс халқы оның Трамп, Путин және Си Цзиньпинь секілді әлемдегі ең алпауыт елдерінің басшыларымен терезесі тең дәрежеде саясат ұстана білгендіктен құрметтейді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *