Бөлінген 8 миллиард қайда қалды?

Индустриалды аймақтардың 70 пайызының жағдайы мүшкіл. Облыстық инвестиция және экспорт басқармасының басшысы Қайрат Әзімов осылай дейді. Шенеуніктің айтуынша, уақытында қыруар қаржы жұмсалып іске қосылған нысандарға шетелдік инвесторларды әкеліп таныстырудың өзі ұят көрінеді. Кейбірі жұмысын толық аяқтамаған. Ал, өзгесінде электр жабдықтары қолды болып кеткен. Айта кетейік,  Түркістан облысында 9 индустриалды аймақ құрылған. Жалпы аумағы 698 гектар….

Read More

Тұрғындар Түркістанды көгалдандыруға жаппай кірісті

“Отбасыңмен он тал ек”: дәл осындай атаумен Түркістанда эко-акция басталды.  Мұндағы негізгі мақсат – өңірді көгалдандыру. Сонымен қатар жасыл желекке айналдыруға жанұямен үлес қосу. Оған тұрғындар мен ардагерлер, зиялы қауым өкілдері атсалысты. Акция 10 күнге жалғасады. Түркістандықтар бұл күні жасыл желектің жайқалуына жанұясымен үлес қосуға шықты. Қоғамдық шарада қала әкімі, депуттар, зиялы қауым өкілдері де…

Read More

Әлімжеттік әлі тыйылмай тұр…

Олимпиадалық резерв мектеп-интернатындағы оқушылар арасындағы әлімжеттікке қатысты оқу орнының директоры қызметінен қуылды. Ал Ақмола облысының спорт және денешынықтыру басқармасының басшысына қатаң сөгіс берілді. Естіріңізге сала кетейік, Степногорск қаласындағы колледждің 8-сынып оқушысы өзінен кіші екі баланы ұрып, ақша талап еткен. Басқа оқушылар мұны бейнетаспаға түсіріп тұрған. Тексеріс кезінде мектеп директоры әлімжеттік көрсеткен балаларды оқудан шығарып жібергені…

Read More

300-ден астам отбасы 28 миллион теңгені «жеп қойған»

Бұл олқылықтар 24 мыңнан астам іс құжатын саралай келе, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының зерделеу жұмыстарының нәтижесінде белгілі болған. 330 құжат бойынша келтірілген жалпы шығын көлемі – 28 миллион теңгенің төңірегінде. Ал, Арыс қаласында тіптен Атаулы әлеуметтік көмек тағайындайтын мекеменің есепшісі мұқтаждарға берілетін қаражатты оңды-солды шашқан. Қазірде бұл іспен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы…

Read More

Pfizer екпесін салу басталды

Бүгін түркістандықтардың алғашқы легі PFIZER вакцинасын қабылдады. Елімізде алтыншы болып тіркелген бұл екпе түрі бірінші кезекте жүкті әйелдер мен 12-17 жастағы жасөспірімдерге өз еріктерімен салынуда. Халықтың вакцина салуға ынтасы қандай? Тілші бейнематериалы. Диас Тоқтамыс – қаладағы Нұртас Оңдасынов атындағы  «Дарын» мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы. PFIZER вакцинасы аймаққа жеткенін ести сала, осында келіпті. Аталған екпені алуына…

Read More

400-ге жуық отбасы Солтүстікке қоныс аударды

Түркістан облысынан Солтүстік өңірлерге 2015-2020 жж. аралығында 1 709 отбасы қоныс аударды. Бүгінгі таңға дейін олардың көбі тұрғын үймен және жұмыспен қамтылған. Сондай-ақ  ауыл шаруашылық саласында өз кәсібін ашам деушілерге жер телімдері ұсынылған. Сондай-ақ, 2021 жылдың қаңтар-қараша аралығында Солтүстік өңірлерге облыстан 1 745 мүшесі бар 385 отбасы қоныс аударды. Бұл туралы брифингте Түркістан облысы жұмыспен қамтуды…

Read More

Тұтас ауылды үрей құшағынан кім құтқарады?

Жүйнек аулына қарасты Шыпан елді мекенінің тұрғындары сабаққа жіберген балалары үйге оралғанша имандарын үйіріп отырады.  Өйткені мектеп тура үлкен жолдың бойында орналасқан, көліктер толассыз әрі ызғып өтеді.  Жол апаты жиі болады. Осы жақында ғана тағы бір мектеп оқушысын көлік қағып кеткелі, жұртшылықта тіпті тағат қалмаған.  Жоғарыдағыларға мектеп пен әлгі жол арасына кедергі қойып беруді айтудан…

Read More

139 нысанға айыппұл салынды

Түркістан облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы заң талаптарын сақтамай салынған (салынып жатқан) барлығы – 139 құрылыс нысанын тексеріп, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес 206 хаттама толтырған. Салынған 47 892 765 теңге айыппұлдың бүгінде 66 пайызы өндіріліп, 2020 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 2,7 есе өсіп отыр. Бұл туралы брифингте 9 айда атқарған жұмыстарын қорытындылаған басқарма…

Read More

10 отбасына көмір түсіріп берді

«Nur Otan» партиясының «30 игі іс» акциясы мен «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында Сайрам аудандық мәслихатының депутаттары, «Nur Otan» фракциясының мүшелері қайырымдылық жасады. Олар өз қаражатынан әлеуметтік аз қамтылған 10 отбасына қысқы отын жағынан көмектесті. Атап айтқанда, Мұхиддин Сыддықов Қарабұлақ ауылындағы бес отбасына, Қадырбек Қуатбеков Қарасу ауылындағы 5 отбасына көмір жеткізіп берді. Депутаттар орталық жылумен…

Read More

Жылыжайға «ажал төніп» тұр…

Түркістан облысында жылыжай егетін шаруалар: «биыл өнімсіз қаламыз ба?» деп дабыл қағуда. Өйткені өңірде көмір жоқ. Тіпті, кей шаруашылықта екі-ақ күнге жететін отын қалыпты. Мәселе шұғыл шешілмесе, шығынға бататынын айтқан олар, амал жоқ «өнімді де қымбаттатамыз» деп ескертті. Қазығұрттық жылыжай шаруалары көмір тапшылығы әбден жанымызға батты дейді. Жоспарға сай өнім алмаған олар кәсіптерін біртіндеп сатылымға қойған….

Read More