4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры
Экономика

Жылыжайға «ажал төніп» тұр…

Түркістан облысында жылыжай егетін шаруалар: «биыл өнімсіз қаламыз ба?» деп дабыл қағуда. Өйткені өңірде көмір жоқ. Тіпті, кей шаруашылықта екі-ақ күнге жететін отын қалыпты. Мәселе шұғыл шешілмесе, шығынға бататынын айтқан олар, амал жоқ «өнімді де қымбаттатамыз» деп ескертті.

https://www.youtube.com/watch?v=ywOO82X0WqI

Қазығұрттық жылыжай шаруалары көмір тапшылығы әбден жанымызға батты дейді. Жоспарға сай өнім алмаған олар кәсіптерін біртіндеп сатылымға қойған. Тұрбат ауылындағы 100 гектар жылыжай иелері тап осы қиындықты бастан кешіп отыр.

Атабек Әмірсейіт 30 жылдан бері жылыжай қожалығымен отбасын асырап келеді. Қыс таяғанда қара отын тапшылығына күйінген ол кәсібін сатуға бел буып отыр.

Атабек Әмірсейіт, жылыжай шаруашылығының қожайыны:

«Егер 10-15 күннің ішінде көмір болмаса, жылыжай атаулы өледі. Сосын 20 мың тонна өнім шығарамыз. Соны бүкіл Қазақстанға жеткізіп береміз. Ал егер ол жоқ болса, біздің ішкі бағамыз 4 есе көтеріліп кетеді. Әрине, базар көтеріледі. Халық жұмыссыз қалады. 3000-4000 адам мына жерді тұрып жатқан сол жылыжаймен күн көреді. Диқандар банкротқа ұшырайды»

Алайда жауаптылар қара отыннан  қиындық жоқ деп отыр. Олардың айтуынша, қор жеткілікті, тек тұрғындар өтінім білдірсе болды, мәселе шешіледі екен.

Марат Байғұнысов, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының жылумен қамтамыз ету бөлімінің басшысы:

«Жалпы көмір қоры жеткілікті. Біз тек қана тұрғындардың жылыжайына ғана жауап бере аламыз. Ол үшін аудан қала әкімдіктеріне өтінім берсе болды, біз соның бәрін жинақтап, әрі қарай қосымша қажет болса тасымалдауға көмектесеміз».

Айта кетейік, тұрғындарының дені осы жылыжаймен күн көріп отыр. 12 мың тұрғыны бар ауыл жылына 20 мың тонна өнім береді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *