2021 жылы қандай заңдар қабылданды?

Бюджет, зейнетақы қоры, рақымшылық. Биыл осы сынды  қазақстандықтардың өміріне өзгеріс алып келген бірқатар заңдарға қол қойылды. Мәжіліс қабырғасындағылар жылды қорытындылап, бас-аяғы 39 жаңа заңды мақұлдады. Фракция мен депутаттардың бірлескен жұмыс нәтижелі ме? Әріптесім Нұрлан Сұлтанбек мәжіліс отырысының жылдық оқылымына шолу жасады. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматтулиннің сөз бастауымен жыл басынан бері сессияда 80 заң жобасы қаралды….

Read More

«Халық алғысы» медалі табыс етілді

       Бүгін Түркістан қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығымен коронавирустық инфекциясының кең таралуының алдын-алу мақсатында аянбай еңбек еткен отандастарымызға арналған «Халық алғысы» медалін тапсыру рәсімі болып өтті.   Пандемиямен күрес кезеңінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өз өмірлерін қатерге тігіп, елеулі еңбегімен көзге түскен бірқатар үкіметтік емес ұйым мүшелері,…

Read More

Орта Азиядағы ең үлкен сауда кешені ашылмақ

Келер жылдың қаңтар айында Түркістанда тұтынушылар мен тауар өндірушілерді тікелей байланыстыратын  «Grand Bazar Yassy &EcoBazar» сауда орталығы ашылмақ. Сауда нысанының басты ерекшелігі – жергілікті тұрғындар мен келушілерге кез келген тауарды ешқандай делдалсыз көтерме бағада ұсынатыны. Бұл туралы бүгінгі брифингте кешеннің бас директоры Бақнұр Аюбек мәлімдеді.  «Бүгінде диқандар өз өнімін тым арзан бағада өткізуде. Арадағы алып-сатарлар…

Read More

Қолдан ішімдік жасаған

Оқиға Сарыағаш ауданындағы Құркелес ауылында болған. Мамандармен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралар барысында жалған суррогат алкоголь өнімдерін шығаратын жасырын цех жойылды. 38 жастағы тұрғын  белгілі арақ маркаларын жабыстырып, жұртты алдап келген. Оқиға орнын тінту барысында 930 есептік-бақылау маркасы, 2674 жарты литрлік түрлі бөтелке  табылды. Бұдан бөлек, құрамында спирті бар 200 литр сұйықтық тіркеуге алында. Құю мен жасауға…

Read More

Азық-түлік себеті 91 есе өскен

Еліміз 30 жыл ішінде адам танымастай өзгерді. Халық табысы, өмір сүру деңгейі, бала туу көрсеткіші де өсті. Сонымен қатар, шығын да еселенді. Тәуелсіздіктің алғашқы он жылында азық-түлік себеті шамамен 91 есеге қымбаттаған. 1993 жылы азық-түлік қоржыны 73 теңге 28 тиын болған. Ал бүгінде дәл осы өнімдер 11 508 теңге. Сандарды сөйлетіп көрсек. Теңге енді айналымға…

Read More

Балалар мен қарттардың несібесін аямай «жеген»…

Түркістан облысында балалар үйінің басшылары мен қызметкерлері мемлекет қаржысын талан-таражға салып, миллиондаған шығын келтірген. Мұндай заңбұзушылықты өңірдің Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қызметкерлері әшкереледі. Мемлекеттің қамқорлығына алынған мекемелередің үш жылдық жұмысына тексеру барысында ондағы басшылардың тамақтан бастап тұрмыстық заттардан, тіпті көмірден де пайда тапқанын анықтаған. Күнделікті тұтынатын заттары мен азық-түлік бағасын қымбат қылып көрсеткен. Ал, қарттар үйінде…

Read More

«Жасыл статусы» жоқтарға бүкіл есіктер тарс жабылмақ

Жаңа жылдан бастап жасыл статусы жоқ азаматтар тырп ете алмай қалғалы тұр. Бүгінгі Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаевтың мәлімдемесі осыны аңғартты. Бас дәрігердің мұндай шешіміне әлемдегі эпидахуалдың ушығуы себеп болғанға ұқсайды. Жаңа ереже төрткүл дүниені алаңдатқан «Омикрон» штамының тез таралуына тоқтам болады дейді.  Түркістан облысында жалпы 15 мыңға жуық азамат короновирус…

Read More

Келелі кеңес отырысы өтті

Бүгін Түркістан қаласында Түркістан облысы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Аталған жиынға кеңес төрағасының орынбасары, қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Шәріпбек Жамалбек, «Түркістан облысының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар қауымдастығының төрайымы Инара Намазбаева, дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сүндет Жүсіпбек, қоғамдық…

Read More

20 миллион бөлінген үйдің сылағы жөндеу үстінде үгітілуде  

 «Жұмыстың сапасыздығы көзге ұрып тұр»  – Кентаудағы №7 үйдің тұрғындары осылай шағымданып отыр. Мемлекеттік бағдарлама аясында жаңғырып жатқан үйдің жөндеу жұмыстары аяқталмай жатып, кафельдері сынып, сылақтары үгітіліп түсе бастаған. 15 жыл бойы бала-шағаның аузынан жырып беріп, несиеге істеп отқан соң мердігер ала-құла қылмай өз міндетін атқарса дейді олар. Кентау қаласы Абай даңғылының бойындағы күрделі жөндеу…

Read More

20 мың адамды алдап соққан алаяқтар құрықталды

     Елімізде 16 қаржы пирамидасының жолы кесілді. Бүгінде қылмыстық іске қатысы бар 35 азамат жауапкершілікке тартылуда. Жалпы, алаяқтардың арбауына сеніп қалтасындағы бар қаражатын салған азаматтардың саны 20 мыңға жуық. Бұл туралы Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің мамандары мәлімдеді. Айта кетейік, айналым сомасы 16 миллиард теңгені құраған. Ал Түркістан облысында екі қаржы пирамидасының жолына тұсау…

Read More