4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Өзекті мәселе

20 миллион бөлінген үйдің сылағы жөндеу үстінде үгітілуде  

 «Жұмыстың сапасыздығы көзге ұрып тұр»  – Кентаудағы №7 үйдің тұрғындары осылай шағымданып отыр. Мемлекеттік бағдарлама аясында жаңғырып жатқан үйдің жөндеу жұмыстары аяқталмай жатып, кафельдері сынып, сылақтары үгітіліп түсе бастаған. 15 жыл бойы бала-шағаның аузынан жырып беріп, несиеге істеп отқан соң мердігер ала-құла қылмай өз міндетін атқарса дейді олар.

Кентау қаласы Абай даңғылының бойындағы күрделі жөндеу жүріп жатқан №7 үйдің қазіргі келбеті осы. Жұмыстың сапасы сын көтермейді дейді тұрғындар. Оларды мердігердің ала-құла әрекеті де ашындырып отыр екен. Бұған себеп бір подъездің кіреберісін цементтеп шықса, ендігісіне кафель орнатқан. Онысы да ұзаққа шыдаймай, қаусап қалыпты.

«Көрсін, осы біздің ремонтымыз. Неше жыл төлейміз осыған бала-шағаның аузынан жырып тұрып», – дейді олар.   

Дәметкен Ырысдәулетова, қала тұрғыны:

«Біреуіне кафель қойса, біреуін цементтеп жатыр. Сонда қалай, ала-құла істей ме? Істейтін болса, бәрін бірдей етпей ме? Жұқа кафель қойған, бассақ сынып кетіп жатыр. Оған тұрғындар кінәлі емес шығар? Біз пәлен жыл ақша төлейміз ғой». 

Көпқабатты үйді модернизациялауға бюджеттен 20 млн. теңгенің шамасында қаржы бөлінген. Бұл ақшаға үйдің сыртқы, ішкі әрлеуі жүргізіліп жатыр. Тұрғындар жұмыстардың әкімдік тарапынан келісілмегенін айтады. Ашынған жұрт қала басшысының орынбасарына талап тілектерін төгіп салды.

 «Ұстайтын темірлері қимылдайды. Ана кафелдер жалғанған жері сынып жатыр. Қазір барып көріңізші»

Әкім орынбасары құрылысты тұрғындардың өзі қабылдап алатындығын жеткізді. Егер азаматтар оң қорытынды бермесе мемлекет тарапынан қаржы бөлінбейді деп қысқа қайырды.

Қуаныш Ысқақов, қала әкімінің орынбасары:

«Жұмыстар әлі аяқталмаған, жүріп жатыр. Үй әлі қабылданбаған. Мердігерді естідіңіздер, әр ұсынысты көріп, жөндеуге уәдесін беріп отыр. Тұрғындар қабылдау комиссиясының мүшелері. Тұрғындарсыз ол үй қабылданбайды».

Одан бөлек құрылыс компаниясы алдағы 5 жылда барлық кемшіліктерді қалпына келтіруге міндеттеледі.

Айта кетейік, Кентау қаласында жалпы 364 көпқабатты тұрғын үй бар. Оларды модернизациядан өткізу үшін соңғы үш жылда қазынадан жалпы 4,5 млрд теңге бөлінген.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *