Түркістан телеарнасы БАҚ өкілдері арасындағы спартакиада топ жарды

Түркістан телеарнасы БАҚ өкілдері арасындағы спартакиада топ жарды. Спорттық шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне 30 жыл толуына және «Бұқаралық ақпарат құралдары күніне» орай ұйымдастырылған.Осы жылы ғана ойын түрінің қатарына кірген қазақ күресінен 90 кг салмақта Айдос Игіліков қарсыластарын айқын басымдылықпен жеңді. Сондай-ақ, аса ауыр салмақта сайысқа түскен Бағлан Нұржанов жеңіске бір табан жақындап, 2-орын иеленді….

Read More

Түркістан: Төлеби ауданында саумалмен емдеу орталығы ашылды

Қазіргі таңда елімізде саумал терапиясы қарқынды дамуда. Осы мақсатта Төлеби ауданы Қоғалы ауылдық округі Диханкөл елді мекенінде жеке кәсіпкер Абилдаев Нұрболат 23 адамға арналған емдеу-сауықтыру орталығын іске қосқан. Саумалмен емделушілер еліміздің батыс өңірінен арнайы келіп, орталықта тынығып, ем алуда. Демалушыларға емдік өнімді әзірлеу үшін 5 бас бие сауылады. Қымызбен емдеудің бір курсы он күнді құраса,…

Read More

Түркістан облысында қызын грантқа түсірмек болған әйел ақшасынан қағылды

Түркістан облысында қызын грантқа түсірмек болған әйел 1 млн теңгесінен айырылды. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды. Шардара аудандық полиция бөлімшесіне арызданып келген жергілікті тұрғын алаяқтықтың құрбаны болғанын жеткізді. 2020 жылдың желтоқсан айында жәбірленушінің танысы “қызыңды жоғары оқу орнына грантқа түсіріп беремін” деп сеніміне кіріп, 1 млн теңгесін алған. Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық)…

Read More

«Төңкеріске 2 жыл дайындалған»

Лаңкестер қаңтар оқиғасына кемінде 2 жыл дайындалған. Белгілі заңгер Айман Омарова осылай дейді. Бүгінгі мәжілістің жалпы отырысына қатысқан азаматтық қоғам белсенділері, құзырлы орган басшылары 2 ай бойы жүргізілген тергеу жұмыстарының барысын баяндады Мәжілістің бүгінгі отырысы бұрынғыдан өзгерек болды. Ерекшелігі сонда, Құзырлы орган басшылары,азаматтық қоғам өкілдері қаңтар оқиғасы бойынша 2 ай көлемінде жүргізілген тексерулердің жай-жапсарын халық…

Read More

Коронавирус жұқтырған 475 пациенттің жағдайы өте ауыр – министрлік

  1 тамыздағы мәлімет бойынша, 113 402 адам коронавирус инфекциясынан (–106 538+ және 6 864 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 25 582 пациент стационарда, 87 820 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Бұл туралы ҚазАқпарат ДСМ сілтеме жасап хабарлайды. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 1 791 адамның жағдайы ауыр, • 475 пациенттің жағдайы өте ауыр, • 216…

Read More

Президент мемлекеттік наградалар тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Равиль Шырдабаевқа «Отан» орденін, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Серік Тоқпановқа I дәрежелі «Барыс» орденін салтанатты түрде табыстады. Іс-шарада сөйлеген сөзінде Президент халқымыз Равиль Шырдабаевты егемендік жылдарынан бастап елдік істерге белсене қатысқан әрі мемлекеттігімізді нығайтуға зор үлес қосқан азамат деп айрықша құрметтейтінін айтты. – Әсіресе, мұнай-газ саласын өркендетуге мол еңбек…

Read More

ШАРДАРАДА: “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” ҮЗДІКСІЗ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

    Шардара ауданында көктемгі тазалық жұмыстары атқарылды. Атқарылған жұмыстар аясында шөптер шабылып, аяқ жолдар ретке келтірілуде. Аудандық сенбілікке, мекемелер, еріктілер және қоғамдық жұмысшылармен барлығы мыңнан астам адам қатысып, 28 арнайы техника тартылды. Нәтижесінде 54 тонна қоқыс арнайы полигонға төгілді. Жалпы биылғы жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында ауданнан тазалыққа 22980 адам қатысып 578 тоннаға жуық тұрмыстық…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты

Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты жиында сардарлар мен сарбаздарды алдағы Отан қорғаушы күнімен құттықтады. Сонымен қатар патриотизм мен жауынгерлік рухтың символына айналған мереке күндері елге қорған болып жүрген азаматтарға құрмет көрсету, Отан үшін от кешкен аға буынның рухына тағзым ету, олардың жанқиярлығы мен өшпес ерлігін ұрпақтың жадында жаңғырту…

Read More

Жаңа жәрдемақы түрі енгізілді

Төлем мүгедектік себебіне қарамастан, І топтағы барлық мүгедекке күтім жасайтын адамға төленеді. Жәрдемақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің  1,40  есесін  –  48 023 теңгені құрайды. Бұл туралы брифингте Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Хадиша Мақұлбаева мәлімдеді. Жалпы өңірде бүгінгі таңда 647 063 әлеуметтік төлем…

Read More

Елтеріс қағанның кешені табылды

Халықаралық Түркі академиясы мен Моңғолия Ғылым академиясы Археология институтының бірлесіп жүргізген Архангай аймағы, Номғон жазығындағы ғылыми археологиялық экспедициясы жұмыстарының нәтижесінде Елтеріс қағанға арналған кешен табылды, деп хабарлайды turkistanzaman BAQ.KZ. Бұл туралы бүгін Ұланбатыр қаласында Халықаралық Түркі академиясы мен Моңғолия Ғылым академиясы Археология институтының бірлесіп Номғон алқабында жүргізген ғылыми археологиялық экспедициясының нәтижелеріне арналған баспасөз мәжілісінде Академия…

Read More