5 қараша 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +7°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қоғам

Абай облысында қызметтік борышын өтеу кезінде өрт сөндіруші көз жұмды

Төтенше жағдайлар министрлігі дала өртін сөндіру кезінде КАМАЗ бен автоцистерна отқа оранып, салдарынан өрт сөндіруші Айдос Тоғызбаевтың көз жұмғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Turkistanzaman Stan.kz сілтеме жасап.

Хабарламаға сәйкес, 2022 жылдың 7 қыркүйегінде 13:35-те 112 кезекші пультіне Абай облысы Жарма ауданының Бозжыра ауылдық округі Бірінші ауылының учаскесінде құрғақ шөп жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Шақыру орнына №22 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері жіберілді

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер дереу өртті сөндіруге кірісті. Осы кезде жел бағытының өзгеруі салдарынан өрт автоцистернаға қарай аумақты шарпыған. Техникаға арналған эвакуациялау жолдары барлық жағынан отқа оранып, биіктігі екі метр қараған ағашы өртенген.

“Өрт сөндірушілер жағдайды бағалап, өрт-техникалық жарақты жинауды тоқтатып, шұғыл эвакуациялауға кірісті. Автоцистерна мен КАМАЗ су тасымалдаушы көлігі толығымен жанып кетті. Нәтижесінде өрт сөндіру бекетінің бөлімше командирі Амангелді Тұрлыбеков пен өрт сөндіру бекетінің жүргізуші-қызметкері Айдос Тоғызбаев, өрт сөндіруші-құтқарушы Нұрлан Салимжан түрлі дәрежедегі күйік алып, Жарма ауданы Шар қалалық ауруханасына жатқызылды”, – делінген ақпаратта.

Өрт аумағы 500 гектарға тең, өрт 8 қыркүйекте сағат 5.40-та сөндірілді. Жалынды сөндіруге Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың жеке құрамынан 14 адам мен 5 бірлік техника жұмылдырылған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.

“Айдос қатты күйік алып, жарақатынан ауруханада көз жұмды. Қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлық ерлігі үшін азаматтық қорғау сержанты Айдос Ерұланұлы Тоғызбаев қаза тапқаннан кейін ІІІ дәрежелі “Айбын” мемлекеттік наградасына ұсынылды”, – делінген ТЖМ ұсынған мәліметте.

Марқұм 36 жаста болған. Азаматтық қорғау органдарында 2019 жылдан бастап қызмет еткен. Оның артында әйелі мен 5 баласы қалды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *