4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ
Қазақстан

Қазақстанда жаңа туған нәресте коронавирустан қайтыс болды

Нұр-сұлтан педиатрлар қауымдастығының басшысы, медицина ғылымдарының докторы Сағира Әбдірахманова жаңа туған нәрестенің коронавирустан қайтыс болғаны туралы айтты, деп хабарлайды NUR.KZ. Дәрігер коронавирустың «Үнді штамы» өте қауіпті екенін, ол адамдардың иммундық жүйесін “алдауды” білетінін айтты.
“Жақында туғанына он бір күн болған сәби шетінеп кетті, себебі, анасы жүктіліктің 39-шы аптасында іші өтіп, қызуы көтеріліп қатты ауырған. Дүниеге келгеннен кейін 5-ші күні нәрестенің миы зақымданғаны белгілі болды. Кейінірек оның жүрегінде, үлкен тамырларында, аортада және өкпе артериясында тромбтар бар екені белгілі болды. Өкінішке орай, біз сәбиді құтқара алмадық.
Одан кейін екінші сәби ауруханаға түсті. Оның да ауру көрсеткіші дәл біріншідегідей басталып, инсультқа соқтырды. Бүгінгі таңда сәбилер арасында ауру көрсеткіші өсіп барады. Вирус өзгеріске ұшырап, күннен күнге өте қауіпті болып барады», деді ол Sputnik Казахстанның баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте.
Қазақстанның жетекші инфекционисі, профессор Динагүл Баешева өткен жылмен салыстырғанда балалар арасында аурушаңдықтың бес есе өскенін хабарлады. Қазір 0-ден 18 жасқа дейін барлық жастағы балалар ауыруда. Бұл вирустың отбасы ішінде таралуын білдіреді. Өткен жылы балалар негізінен симптомсыз жеңіл түрде ауырса, қазір балалар орташа ауыр деңгейде ауруханаға жатқызылады. Тіпті өте қатты ауырып жатқан балалар да бар екен.
«2021 жылдың қаңтар айынан бастап балалар арасындағы аурушаңдық 20 есеге ұлғайған. Балалардың шамамен 80%-ы ыстығы көтеріліп, ауруханаға түседі. Вирус қысқа уақыт ішінде өкпеге зақым келтіріп, өкпеге 3-4 күнде 50%-дан жоғары зақым келеді.
Сондай-ақ жоғарғы тыныс жолдарының, өкпенің зақымдануы, тыныс алу жеткіліксіздігі құбылыстары бар балалардың үлесі артты, бұл өткен жылы іс жүзінде болмаған. Ең өкініштісі, бүгінде орталық жүйке жүйесінде инфекциялық процесс басталған науқастар тіркелуде. Ұстамасы бар, есін білмейтін, менингеальді симптомдары бар балалар ауруханаларға түсіп жатыр. Бұған қоса, біз инфекциядан кейінгі жағдайдың қалай аяқталатынын білмейміз, жазылған науқастың есту, көру қабілеті қалай болатыны белгісіз», – деді ол.

Созылмалы жүрек-қан тамырлары аурулары, неврологиялық бұзылулар, әртүрлі эндокриндік аурулары бар балалар, қант диабеті, семіздік, сондай-ақ ақуыз-энергетикалық жеткіліксіздігі бар балалар қауіпті санатта дейді дәрігерлер.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *