4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Қоғам

Түркістан облысында қызын грантқа түсірмек болған әйел ақшасынан қағылды

Түркістан облысында қызын грантқа түсірмек болған әйел 1 млн теңгесінен айырылды. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Шардара аудандық полиция бөлімшесіне арызданып келген жергілікті тұрғын алаяқтықтың құрбаны болғанын жеткізді. 2020 жылдың желтоқсан айында жәбірленушінің танысы “қызыңды жоғары оқу орнына грантқа түсіріп беремін” деп сеніміне кіріп, 1 млн теңгесін алған.

Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді. Шардаралық тәртіп сақшылары тұрғынды алдап, ақшасын алып кеткен күдіктіні қолға түсіріп, қылмысты ашу мақсатында іздестіру шараларын жүргізді. Қажетті деп танылған барлық іс-шараларды жүзеге асырды.

Нәтижесінде полиция қызметкерлері күдікті ретінде жұмыссыз жүрген Алматы қаласының тұрғынын анықтады. Белгілі болғандай, сезікті әйел Шардараға қыдырып келген. Ал алаяқтықпен алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Тәртіп сақшылары күдіктінің бұдан басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтау үстінде.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *