Арыс қаласындағы теміржолда болған өрт туралы ақпарат
6 тамыз күні сағат 16:25 минутта Арыс қаласының «Арыс» теміржол вокзалында жүк пойызының контейнерінен өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. 2 контейнерде 54 тараға тиелген “сары фосфор” болған. Аталған пойыз Жамбыл облысынан Ресейге бет алған. Өрт шыққан вагондар “Қазақстан Темір Жолы” АҚ күшімен пойыздан ажыратылып, қауіпсіз жерге қойылды. Сағат 17.50-де оқиға орнында жедел штаб құрылды….