4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +13°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр Айдос Сарым: Президент Жолдауы ел тарихының сапалы кезеңіне жол ашады Жетісу облысында Мемлекет басшысының жаңа Жолдауында айқындалған стратегиялық міндеттер талқыланды Казахстан сохраняет региональное лидерство в Центральной Азии, три ведущих университета страны представлены в топ-100 рейтинга Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді Горный туризм — больше, чем отдых. Это новые возможности для экономики Алматы!
Аймақ

Төлеби ауданында 30 мыңға жуық көшет егілді

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Төлеби ауданында жалпы аудандық сенбілік өтті. Табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған тазалық шарасына мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, жастар, еріктілер және белсенді азаматтар қатысты. Қала мен ауылдардағы қоғамдық орындар, саябақтар, су айдындарының жағалаулары, көшелер мен аулалар қоқыстан тазартылды. Жалпы, жыл басынан бері ауданда 9 рет сенбілік ұйымдастырылды. Оған 205 мекеме, 18 632 адам, 42 техника жұмылдырылған. Сенбіліктерде 145 км облыстық, 255 км аудандық жолдар, 31,2 км ирригациялық арықтар, 16,1 км өзен, каналдар тазаланып, 205 қураған ағаш бұталды. Сондай-ақ 14 саябақ, аллея, 15 спорттық ойын алаңшасында тазалық шарасы жүргізілді. Жалпы 29 600 көшет егілді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *