Балалар жылындағы “Бэйби-бум”

Елімізде әрбір үшінші сәби көпбалалы отбасында дүниеге келеді. Бұл – әсіресе соңғы 2 жылда, яғни карантин кезінде байқалып отыр. Ұлттық статистика бюросы мамандарының мәліметінше 2021 жылы 500 мыңға жуық сәби дүние есігін ашқан. Осылайша 2020 жылғы көрсеткіштен асып түсті. 2022 жылды Балалар жылы деп бекер белгінбесе керек, биыл да туу көрсеткіші жоғары. Карантин кезін қынжыла…

Read More

Ақша жинауға тыйым салынады

Мектеп директоры мен мұғалімдерге сыйлық алу үшін ақша жинауға тыйым салынады. Бұдан бөлек, Іс-шараларды өткізуге аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, төлем жасау арқылы әртістерді, жеке студияларды тартуға да болмайды. Мерекелік үстел жайып, автомобильдерді жалға алып көшпелі экскурсия өткізуге рұқсат жоқ. Мектеп әкімшілігі мен педагогтерге ақшалай сыйлық жасауға жол берілмейді. Айта кетейік, биыл 170 мыңнан астам оқушы мектеп…

Read More

Шымкенттегі адам қаза тапқан жарылыстың шығынын арнайы комиссия есептеп жатыр

Шымкенттегі перзентхана жанындағы дәріханада болған жарылыстан зардап шеккен екі адам әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Олар медициналық мекеменің санитарлық қызметкері. Сондай-ақ апаттан тағы 5 адам жарақат алған. Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері «Науқастардың өміріне қауіп жоқ» – дейді. Ал арнайы құрылған комиссия жарылыс шығынын есептеп жатыр. Күндізгі сағат 11:36 кезіндегі жойқын жарылыс Шымкент қаласындағы перинатальдық…

Read More

Әкімдердің рейтингі жолмен өлшенеді

Әкімдердің рейтингі жолмен өлшенеді. Бұл туралы өткен аптада ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі мәлімдеді. Ол халықтың жергілікті жолдардың сапасына көңілі толмайтынын айта келіп, әкімдердің рейтингін жол сапасымен өлшеуді ұсынды. Мамандар мұны жол саласындағы жауапкершілікті күшейтуге бағытталған бастама деп бағалап отыр. Елімізде техникалық қадағалаудан бөлек, мамандандырылған Ұлттық сапа орталығы бар. Осыдан 3 жыл бұрын құрылған….

Read More

Автонесиелеу 30 жылға жалғасады

Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы 30 жылға жалғасады. Бұл туралы Өнеркәсіпті дамыту қоры Акционерлік қорының басқарушы директоры Ғалымжан Әди хабарлады. Оның айтуынша мемлекеттен бөлінген 100 млрд теңге айналымда 30 жыл болады. Яғни, несиесін өтегендердің қаражаты қайтадан қолданысқа енеді. Банктерге бүгінге дейін 14 мыңнан аса өтініш түскен, оның 4800-ден астамы мақұлданған. 34 қазақстандық 35.7 млрд теңгеге көлік сатып…

Read More

Бір күнде екі өңірде өзіне қол жұмсамақ болған тұрғындар құтқарылды

Полицейлер өз-өзіне қол салмақ болғанды құтқарып қалды. Алғашқы оқиға Қостанай облысының Лисаковск қаласында болған. Онда әйелімен ренжісіп қалған ер азамат 9 қабаттан секіруге оқталған. Бұл туралы хабарлама полиция бөліміне 22 мамыр күні 16:00 шамасында түсіпті. Құзырлы орган өкілдерінің шұғыл әрекетінің арқасында 30 жастағы азамат аман қалды. Ал, Шымкенттік полицейлер көпірден секірмек болған ер адамды құтқарды….

Read More

Түркістан облысында жоғалып кеткен 4 адам құтқарылды

Түркістанда тауда жоғалған 4 азамат табылды. Сусіңген көлінен саяхаттап шыққан төртеу “Алтын – дән” демалыс базасына бет алған. Алайда қалың тұманнан адасып кеткен. 4 адамның жоғалғаны туралы хабар төтенше жағдайлар департаментіне кеше түнде түскен. Оларды іздеуге 17 құтқарушы, 4 полиция қызметкері мен 1 кинолог дереу кіріскен. Одан бөлек, “Сайрам-Өгем” ұлттық паркінің 5 қызметкері мен 2…

Read More

Шатыры ұшқан стадион бойынша тергеу басталды

Шымкентте орталық стадиондағы жағдай сапасыз құрылыстан болуы мүмкін. Полицейлер аталған жайды тексеруді бастады. Естеріңізде болса, Ордабасы мен Ақсу арасындағы ойынның алғашқы минуттарында әкімшілік ғимаратының шатыры қатты желден жұлынып, алаңның ортасына түсті. Стадионда 7 мыңнан астам көрермен болған. Оқыс жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ. Төтенше жағдайға байланысты, ойын кейінге шегерілді. Стадионның шатырын бұған дейін де жел…

Read More

Түркістанда «Қорқыт туралы аңыз» спектаклі сахналанды

Қорқыт туралы аңыз». Дәл осы атаумен Түркістан музыкалық драма театры жаңа премьераның тұсауын кесті. Түркі елдеріне ортақ абыздың жан дүниесі – хареография тілінде көрерменге философиялық ой тастады. Жоғары дейгейдегі декорация, құбылмалы әуендер операмен үйлесім тапқан. Алай-дүлей дауыл мен өмірмен арпалыс. Опера мен балет. Мұның бәрі Түркістан музыкалық драма театрының алғашқы пластикалық спекткалінде көре аласыз. «Қорқыт…

Read More

Түркістандық жас футболшылар шетелдік білікті бапкерден тәлім алуда

Енді, футбол мектебі шәкірттеріне алаңда ойнау тәсілдерін тәжірибесі мол шетелдік жаттықтырушылар үйретеді. Бұл өңірде бұқаралық спортты дамыту, ауыл балаларын спортқа баулу мақсатында қолға алынып отыр. Ұйымдастырушылардың сөзінше, бұл жас спортшыларға берілген үлкен мүмкіндік. Бұл Алихан Тоймахан. Жасы тоғызда. Өзге балалар секілді телефонға шұқшиып отқаннан, доп тепкенді жақсы көреді. Келешекте еліміздің атын шығаратын мықты ойыншылардың бірі…

Read More