4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры
Қоғам

Автонесиелеу 30 жылға жалғасады

Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы 30 жылға жалғасады. Бұл туралы Өнеркәсіпті дамыту қоры Акционерлік қорының басқарушы директоры Ғалымжан Әди хабарлады. Оның айтуынша мемлекеттен бөлінген 100 млрд теңге айналымда 30 жыл болады. Яғни, несиесін өтегендердің қаражаты қайтадан қолданысқа енеді. Банктерге бүгінге дейін 14 мыңнан аса өтініш түскен, оның 4800-ден астамы мақұлданған. 34 қазақстандық 35.7 млрд теңгеге көлік сатып алған.

Ғалымжан Мәди – «Өнеркәсіпті дамыту қоры» ақ басқарушы директоры:
«Әлеуметтік тұрғыда да, экономикалық тұрғыда да ыңғайлы нәрсе болса, бәрі соны алғысы келеді. Сондықтан көпшілік 100 миллиард бөлінді, он миллионнан санасақ, он-ақ мың адам машина алады болды, қалғандары қалды деп ойлайды. Бұл арада револьверлік қағидат бар. Бұл ақша 30 жыл айналатын болады”

Тиімді несиелеу аясында отандық автосалондарда 8 мың көлік бар. Жалпы, несие алушылар 5 әйгілі брендтің 32 модельді темір тұлпарын тізгіндей алады. Маусымда оның саны екі есе артады.. Қазіргі уақытта өтінімді «Банк ЦентрКредит», «Еуразиялық банк», «Халық банк» арқылы беруге болады. Бүгіннен бастап бұл тізімге «Forte Bank» қосылады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *