4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Спорт

Түркістандық жас футболшылар шетелдік білікті бапкерден тәлім алуда

Енді, футбол мектебі шәкірттеріне алаңда ойнау тәсілдерін тәжірибесі мол шетелдік жаттықтырушылар үйретеді. Бұл өңірде бұқаралық спортты дамыту, ауыл балаларын спортқа баулу мақсатында қолға алынып отыр. Ұйымдастырушылардың сөзінше, бұл жас спортшыларға берілген үлкен мүмкіндік.

Бұл Алихан Тоймахан. Жасы тоғызда. Өзге балалар секілді телефонға шұқшиып отқаннан, доп тепкенді жақсы көреді. Келешекте еліміздің атын шығаратын мықты ойыншылардың бірі болсам деп армандайды. Алайда, мақсатқа оңай келмейтінін әзірден-ақ біледі. Сондықтан тынбай жаттығуым керек дейді Алихан.

Мұнда Алихан секілді қаладағы бірнеше спорт мектептерінің шәкірттері мен олардың жаттықтырушылары жиылған. Оларға Тұран футбол клубы академиясының білікті мамандары жасыл алаң төрінде ала допты ұршықша үйіріп, ойнаудың қыр сырымен бөлісуде.

Владимир Рибич – «Тұран» ФК академиясының жетекшісі:
«Қазір бірінші жылдағы мақсатымыз құрама жасақтау. Бүгінгі кездесу жаттықтырушылар кеңес беріп, спортшыларға үйрету. 14 жасқа дейінгі балаларға.Олар жас. Мүмкіндік мол. Команда екі Халықаралық турнирге қатысты. бірі Грецияда екіншісі Хорватияда.біздің бір мақсатымыз бар.Халықаралық турнирлерде топ жару».

Қаланың өзінде 31 алаңша бар. Жаттығу аптасына екі реттен әр алаңда өтеді. Естеріңізде болса биыл «Тұран футбол» академияссы құрылған болатын. Үздіктері сол Футбол академиясына іріктеледі – дейді облыс әкімінің орынбасары. Алдымен олар денсаулығын нығайтса, бір жағынан футбол академеиясына іріктеліп алынатын болады.

Жоба өңірде бұқаралық спортты дамыту үшін қолға алынған. Облыс және қала әкімдігінің бастамасымен іске асып отыр.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *