Отбасылық құндылықтарды насихаттау, әке мен бала арасындағы тәрбиелік байланысты нығайту, өнегелі әкелер мен ұлдардың қоғамдағы үлгісін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылатын республикалық байқауға қатысуға шақырамыз!

Байқаудың мақсаты: отбасылық құндылықтарды дәріптеу, әкенің бала тәрбиесіндегі орны мен жауапкершілігін насихаттау, қоғамда өнегелі өмір жолымен танылған әкелерді республика көлемінде таныту және олардың еңбегін бағалау.
Республикалық байқауға қатысушылар:
 отбасында өнегелі әке атанған «толық отбасы» қағидасын берік ұстанған азаматтар;
 бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп жүрген әкелер;
 қоғамдық өмірге белсенді қатысатын азаматтар;
 еңбек жолында табысқа жеткен сала мамандары;
 білім, медицина, мәдениет, спорт, өндіріс, кәсіпкерлік және басқа да салаларда еңбек етіп жүрген азаматтар;
 ұрпағына үлгі болып жүрген зейнет жасындағы ардақты әкелер;
 қайырымдылық, қоғамдық және тәрбиелік бағыттағы жұмыстарға үлес қосып жүрген азаматтар.
Байқаудың шарттары: Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бойынша қатысушы өтініш кестесін толтырып, әкесі жайлы жазылған 2 беттен артық емес өмірбаянын (Word форматында, 14 кегл, Times New Roman, 3-ші жақта), сапалы 3х4 суретін, сондай-ақ өмрбаяндағы жеткен жетістіктерін растайтын құжат көшірмелерін (мысалы: алғыс хат, сертификат, куәлік және т.б.) жіберуі тиіс.
Құжаттар elorda_bilim@mail.ru электронды почтасына немесе
+7 747 126 95 05 Whatsapp нөміріне 2026 жылдың тамыз айының 15-не дейін қабылданады.
Ұйымдастыру алқасы: +77471269505, +77477025262, +77071427440.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *