5 қараша 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +10°C
  • USD 451,87
  • EUR 507,31
  • CNY 67,77
  • RUB 5,53
Жедел
ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Большая стройка
Басты жаңалықтар

«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕНІҢ» КҮЗГІ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» кешенінде көптен күткен «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалінің жартылай финал кезеңі басталды. Күзгі маусымды Түлкібас пен Мақтаарал ауданының өнерпаздары бастады. Аудандар өзара бақ сынап, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Қазылар алқасының шешімі бойынша жартылай финалда ерекше өнер көрсетіп, Түлкібас ауданы келесі кезеңге жолдама алды.
Сахна төрінде өнерпаздар ақындар айтысы, дәстүрлі өнер, ұлт аспаптар ансамблі, эстрада және би өнері, вокалды-аспаптық ансамбль, «Ауылдың алты ауызы» сынды өнер жанрлары бойынша сынға түсті. Өнер сайысы барысында әр ауданның өнерпаздары ұлттық өнердің терең тамырын, елдің рухани құндылықтарын паш етіп, көрерменнің қошеметіне ие болды.
Фестивалде түрлі жанр бойынша өнер иелері қазылық етті. Оның құрамында Түркістан облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының директоры, ҚР Мәдениет саласының үздігі Мейіржан Алиакбаров, Түркістан облыстық мәдениет басқармасының бөлім басшысы, ақын Мұқағали Кенжетайұлы, ҚР Мәдениет саласының үздігі, айтыскер ақын, Халықаралы Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің одағының Түркістан облысы филиалының төрағасы Тұрар Тілеулиев, ҚР Мәдениет қайраткері, композитор, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің оқытушысы Әлімбай Ботақараев және Түркістан музыкалық драма театрының хореографы Дәулет Мұратбеков болды.
Айта кетейік, фестивальдің мақсаты – ұлттық мәдениет пен өнерді дәріптеу, халықтың рухани құндылықтарын насихаттау, Түркістанның мәдени беделін көтеру, туристтік әлеуетін арттыру. Күні ертең Арыс қаласы мен Бәйдібек ауданы сайысады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *