4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +14°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Жетісу облысында Мемлекет басшысының жаңа Жолдауында айқындалған стратегиялық міндеттер талқыланды Казахстан сохраняет региональное лидерство в Центральной Азии, три ведущих университета страны представлены в топ-100 рейтинга Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді Горный туризм — больше, чем отдых. Это новые возможности для экономики Алматы! Тау туризмі — жай ғана демалыс емес. Бұл Алматы экономикасы үшін жаңа мүмкіндіктер! Развитие регионов: новые социальные и инфраструктурные объекты, промышленные предприятия введены в эксплуатацию Түркістан облысының «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауындағы жеңімпазы марапатталды ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ ПЕН БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА
Аймақ

ӨНЕРКӘСІП АЛАҢЫНДА ЖИҺАЗ ЦЕХЫ МЕН ӨНДІРІС ОШАҚТАРЫ АШЫЛАДЫ

Түлкібас ауданында өңір экономикасының дамуына серпін беретін жаңа жобалар саны артып келеді. Қазіргі уақытта аудан орталығы – Т.Рысқұлов және Балықты ауылдық округтеріндегі шағын өнеркәсіптік аймақтарда қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Өз кәсібін бастауға ниетті 6 кәсіпкер қажетті құжаттарын тапсырып, нысандардың іргетасын қалау жұмыстарын бастап кетті. Арнайы аймақтарда жиһаз цехы мен бірнеше шағын өндіріс орындарын ашу жоспарлануда.

Кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау мақсатында әкімдік тарапынан инфрақұрылым жүргізіліп, құрылысқа қажетті мүмкіндіктер қамтамасыз етілді. Атқарылып жатқан жұмыстармен аудан әкімі Асқар Естібаев пен аудандық мәслихат төрағасы Серғали Сәрсенбаев танысып, жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар берді.

Балықты ауылдық округінде қосымша 10 гектар аумақта шағын мал шаруашылығы кластерін дамыту көзделуде. Бұл жоба аясында 10 кәсіпкер ет бағытындағы мал бордақылаумен айналысуды жоспарлап отыр. Бүгінде аумаққа жол салу жұмыстары аяқталып, электр желісін тарту үшін трансформатор мен бағаналар орнатылды.

Сонымен қатар, Асқар Сұлтанұлы бастаған жұмыс тобы Бақыбек мөлтек ауданында салынып жатқан 100 орындық мәдениет үйінің, Ынтымақ ауылындағы 200 орындық мәдениет үйінің, сондай-ақ Састөбе кентіндегі екі қабатты 48 пәтерлік екі тұрғын үй құрылысының барысымен танысты. Аудан басшысы мердігер мекемелерге нысандарды сапалы әрі белгіленген мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Бұл жобалар Түлкібас ауданының әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *