Алматы тау кластерінің дамуы кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктер ашып, жұмыс орындарының құрылуына және қонақүй бизнесі, көлік, сауда мен қызмет көрсету салаларының өркендеуіне серпін береді.
Инвестициялар, жаңа туристік нысандар, шағын және орта бизнесті қолдау, салық түсімдерінің артуы — тау туризмі қала экономикасының дамуына қозғаушы күш бола алады.