5 қараша 2026, бейсенбі ⛅ Түркістан +14°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Большая стройка
Басты жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА 1400 АДАМ ҚАТЫСҚАН СЕНБІЛІКТЕ 4,5 ТОННА ҚОҚЫС ЖИНАЛДЫ

Мақтаарал ауданында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті жалпыхалықтық сенбілік өтті.
Табиғатты қорғау, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруды мақсат еткен тазалық шарасына аудан көлемінен 1400-ге жуық адам белсенді түрде қатысты.
Сенбілікке аудан әкімдігіне қарасты мекемелердің қызметкерлері, ауылдық округ әкімдіктері, коммуналдық қызмет мамандары, білім беру және денсаулық сақтау саласының өкілдері, жастар ұйымдары мен еріктілер жұмыла атсалысты.
Тазалық жұмыстарына 7 арнайы техника жұмылдырылып, нәтижесінде аудан аумағынан 4,5 тоннаға жуық тұрмыстық қалдықтар мен бейберекет тасталған қоқыс шығарылды.
Акция барысында республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының бойлары тазартылып, жол жиектерінде жиналған қоқыстар шығарылды. Сонымен қатар, елді мекендердегі арық-атыздар мен су арналарының жағалары күл-қоқыстан тазартылып, олардың су өткізу қабілетін жақсартуға бағытталған жұмыстар жүргізілді.
Жаз мезгіліндегі аптап ыстықты ескере отырып, аудан аумағында бұрын егілген ағаш көшеттеріне күтім жасау шаралары да қатар атқарылды. Атап айтқанда, көшеттер суғарылып, олардың қалыпты өсуіне қолайлы жағдай жасау жұмыстары жүзеге асырылды. Бұл шаралар ауданның жасыл желегін көбейтіп, экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған жүйелі жұмыстардың бір бөлігі болып табылады.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылып жатқан мұндай сенбіліктер аудан тұрғындарының табиғатқа жанашырлықпен қарауына, қоршаған ортаны таза ұстауға деген жауапкершілігін арттыруға және туған өлкенің көркеюіне үлес қосуға мүмкіндік береді. Экологиялық акция алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасып, аудан аумағын абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.
#Таза_Қазақстан

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *