5 қараша 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +10°C
  • USD 451,87
  • EUR 507,31
  • CNY 67,77
  • RUB 5,53
Жедел
ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Большая стройка
Басты жаңалықтар

КЕЛЕС АУДАНЫ АБАЙ АУЫЛЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Келес ауданы Абай ауылы “Жастар ресурстық орталығы” ғимаратында «Абай ауылындағы этнос өкілдерінің тұрмыс жағдайлары» және «Мектепке барар жол» акциясы тақырыбында, Абай ауылы Ақсақалдар кеңесінің отырысы өтті.

 

Аталған жиынға Келес аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Л.Нұртаев, Абай ауылы Ақсақалдар кеңесінің мүшелері және «Қоғамдық келісім» КММ-нің Келес аудандық филиалының басшысы Н.Айдаров қатысты.

 

Жиында ауылдағы этнос өкілдерінің әлеуметтік-тұрмыстық ахуалы талқыланды. Қатысушылар этносаралық татулықты сақтау, тұрмыс сапасын жақсарту және жұмыссыздық деңгейін төмендету бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Сонымен қатар, әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылардың тізімін нақтылау және тиісті мекемелер арқылы қажетті қолдау көрсету мәселесі көтерілді.

 

Кеңес мүшелері жаңа оқу жылы қарсаңында өткізілетін “Мектепке барар жол” акциясының ұйымдастырылу барысын талқылады. Акция аясында аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына оқу құралдары мен мектеп формасын алу үшін қайырымдылық көмек көрсету жоспарланды. Жауапты тұлғалар бекітіліп, жұмыс кестесі белгіленді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *