​«ЕРТЕҢІҢДІ ОЙЛАСАҢ – ЕСІРТКІГЕ ЖОЛАМА» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Ертеңіңді ойласаң – есірткіге жолама» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Іс-шараның мақсаты – жастарға есірткінің адам ағзасына, психикасына және болашағына тигізетін зардаптарын түсіндіру, денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға баулу және зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға ынталандыру.
Семинар барысында қатысушыларға есірткінің адам өміріне тигізетін кері әсері, тәуелділіктің салдары және оның әлеуметтік ортаға ықпалы туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сондай-ақ өмірлік құндылықтарды бағалау, дұрыс таңдау жасау және жеке жауапкершіліктің маңызы жөнінде пікір алмасты.
Тренинг барысында жастар түрлі тапсырмалар орындап, өз көзқарастарын ортаға салды. Қатысушылар пайдалы дағдыларды қалыптастырудың маңызын түсініп, салауатты өмір салтының артықшылықтары жөнінде мол мағлұмат алды.
Аталған шара жастардың денсаулығын нығайтуға, зиянды әдеттердің таралуының алдын алуға және саналы әрі белсенді ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған маңызды бастамалардың бірі болды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *