«БІРЛІК ЛАГЕРІ – 2026»: Ашық диалог пен жеңіс қуанышы!

Бүгін «БІРЛІК ЛАГЕРІ – 2026» аясында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың этнос жастарымен еркін форматтағы кездесуі өтті. Сонымен қатар «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Джумурбаев жиынға қатысты. Кездесу барысында жастар өз ой-пікірлерін ашық айтып, өңірдің қоғамдық өміріне, жастар саясатына және этносаралық келісімді нығайтуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды. Ашық әрі шынайы сұхбат жастардың белсенді азаматтық ұстанымын танытып, өзара сенім мен түсіністікті одан әрі арттырды. Еркін әңгіме барысында жастарға жаңа мүмкіндіктер, бастамаларды қолдау және бірлік пен татулық құндылықтарын дәріптеудің маңыздылығы туралы мазмұнды пікір алмасу өтті. Сонымен қатар, лагерь бағдарламасы аясында өткен ұлттық және зияткерлік спорт түрлері бойынша сайыстардың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. Садақ ату, асық ату, арқан тарту, шахмат және тоғызқұмалақ жарыстарында үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар арнайы дипломдармен және қаржылай сертификаттармен марапатталды. Жеңімпаздарды құттықтай отырып, барлық қатысушыларға белсенділігі, табандылығы және командалық рухы үшін алғыс білдіреміз! «БІРЛІК ЛАГЕРІ – 2026» – бұл тек демалыс алаңы ғана емес, достықты нығайтатын, көшбасшылық қасиеттерді дамытатын және бірлік пен татулық құндылықтарын дәріптейтін маңызды жастар платформасы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *