8 қазан 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +7°C
  • USD 447,14
  • EUR 500,35
  • CNY 66,69
  • RUB 5,24
Жедел
Қайтарылған қаражат есебінен 13 ауылға ауыз су берілді Жасанды интеллект құрылыс жобаларына мемлекеттік сараптама жүргізуді жеделдетеді КЕЛЕСТЕ АУҚЫМДЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ ӨТТІ Қызылорда, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарын жалғайтын «Қызылорда-Сексеуіл-Ырғыз-Бейнеу» күре жолының құрылысы «e-Otinish»-ке келіп түскен өтініштерден соң қолға алынғанын біліп пе едіңіз? 2020 жылы жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс қабылданып, 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Мемлекет басшысының тапсырмасымен «e-Otinish жүйесі іске қосылды. 312 жаңа мәдениет нысаны: Қазақстанның мәдениет саласындағы жеті жылдағы өзгерістер Халықаралық ынтымақтастық және ұлттық мәдениетті таныту 7 жылда 312 жаңа мәдениет нысаны салынды
Басты жаңалықтар

АЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ 1 АЛТЫН, 3 КҮМІС ЖӘНЕ 3 ҚОЛА МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Жапонияның Айти-Нагоя қалаларында 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өткен ХХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасы 84 медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте 8-орынға тұрақтады. Оның ішінде 12 алтын, 24 күміс және 48 қола жүлде бар.

Құрлықтың басты спорт додасында ел намысын қорғаған Түркістан облысының спортшылары да жоғары нәтиже көрсетіп, Қазақстан құрамасының қоржынына елеулі үлес қосты. Өңірден 35 спортшы спорттың 14 түрінен сынға түсіп, 1 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль иеленді.

Атап айтқанда, академиялық ескек есуден ерлер арасындағы екілік қайық (M2−) жарысында Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсеткен Владислав Яковлев пен Иван Чернухин алтын медаль жеңіп алды.

Ал байдарка мен каноэде ескек есуден сынға түскен Ольга Шмелёва екі бағдарлама бойынша күміс және қола жүлдеге қол жеткізді. Каратэден Әсел Қанай күміс медаль иеленсе, дзюдодан командалық сында Айдар Арапов күміс жүлдеге ие болды. Ал еркін күрес шебері Едіге Қасымбек пен әйелдер күресінің өкілі Нилуфар Раимова қола жүлдегер атанды.

Осылайша, Түркістан облысының спортшылары халықаралық аренада шеберліктерін дәлелдеп, өңір спортының жетістіктерін толықтырды.

Өткен Азия ойындарымен салыстырғанда биылғы нәтиже де жақсарған.

Еске сала кетейік, 2023 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ХІХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы 10 алтын, 22 күміс және 48 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 11-орынға жайғасқан еді.

Сол додада Түркістан облысының 27 спортшысы спорттың 13 түрінен Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсетіп, 2 күміс және 2 қола медаль еншілеген болатын. Байдарка мен каноэде ескек есуден Ольга Шмелёва мен Ульяна Кисилёва күміс жүлдеге қол жеткізсе, бокстан Сағындық Тоғамбай мен каратэші Әсел Қанай қола медаль иеленген еді. Биылғы Азия ойындарында облыс спортшыларының саны 27-ден 35-ке артып, жүлделер саны 4-тен 7-ге жетті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *