6 қараша 2026, жұма ☀️ Түркістан +10°C
  • USD 451,87
  • EUR 507,31
  • CNY 67,77
  • RUB 5,53
Жедел
ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Большая стройка
Басты жаңалықтар

АУЫЛДАРДЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША ЖАУАПТЫ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысының 181 ауылдық округінің 164-інің әкімдігі өз ғимаратында, 15-і мәдениет үйінде, 2-уі жалға алынған ғимаратта орналасқан. Ал облыс бойынша 181 ауылдық округте 160 полиция бекеті бар. Бекеттердің 133-і Полиция департаментінің меншігінде болса, 27-сі аудандық әкімшілік меншігіндегі ғимараттарда орналасқан. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте ауылдағы әкімдіктер мен полицияның жұмысын сапалы атқаруын жүйелеу, ғимараттарын реттеу, осы арқылы мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін көтеру мәселелері талқыланды.
– Мемлекеттік қызмет пен полиция сапында еңбек ету – абыройлы міндет. Әрбір ауылдық округтің әкімдері сол аумақта тұрып, ауылдарды дамытуға үлес қосуы тиіс. Тәртіп сақшылары да жұмысты жандандырып, қоғамдық тәртіпті сақтауы керек. Ал осы міндеттерді сапалы орындау үшін жұмыс орны, ғимараты да талапқа сай болуы қажет. Осы мәселелерді зерделеп, тиісті ұсыныс беріңіздер, – деді Нұралхан Көшеров.
Мәжілісте ауылдық округтердегі ғимараттардың жай-күйі зерделеніп, тиісті мәліметтер берілді. Ауылдық округ әкімдіктерінің штат санына келсек, 181 ауылдық округте жалпы 57 штат жетіпсеушілігі бар. Бұл туралы облыс әкімі аппаратының Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің басшысы Нұркен Аралбеков баяндады. Бүгінгі таңда облыс көлемінде жалпы 17 әкімдіктің ғимараттары ескірген.
Әкімдік тарапынан ауылдық округі әкімі аппараты ғимараттарын жаңарту аясында ғимараттың біркелкі эскизін бекіту жөнінде тапсырма берілген болатын. Осыған сәйкес облыстық құрылыс басқармасы ауылдық округ әкімдігі ғимаратының біркелкі эскиздерін әзірледі. Егер құрылыс қолға алынса, осы үлгілер негізге алынбақ. Мәжілісте осы және өзге де мәселелер талқыланып, тиісті тапсырмалар берілді.
Ауылдарды дамыту, инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғасады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *