6 қараша 2026, жұма ⛅ Түркістан +10°C
  • USD 451,87
  • EUR 507,31
  • CNY 67,77
  • RUB 5,53
Жедел
ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Большая стройка
Uncategorized

АУДАН ӘКІМІ «ҚАСИЕТ» ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

2025 жылғы 19 мамыр күні аудан әкімі Арман Қарсыбаев «Қасиет» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жаңартылған жұмыс орнымен танысты. Іс-шара барысында әкім орталықта қызмет алушы ардагерлермен кездесіп, олардың денсаулығын жақсартуға бағытталған массаж креслосын тарту етті. Қызмет алушылар өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.
Сапар аясында аудан әкімі орталықтың инфрақұрылымымен жан-жақты танысты. Атап айтқанда, кітапхана, еңбек терапиясы кабинеті, массаж кабинеті, психолог және заңгер қызмет көрсететін бөлмелер, спорт залы, асхана, сондай-ақ екі әлеуметтік қызмет көрсетуші мамандардың кабинеттері мен «Тең қоғам» бағытындағы арнайы бөлмелерді аралап көрді.
Бұл бастама – аудандағы әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстардың бір көрінісі. Аудан әкімдігі алдағы уақытта да әлеуметтік әлсіз топтарды қолдау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуді жалғастыра бермек.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *