Құрылтай депутаттарын сайлау алдындағы үгіт-насихат науқаны аясында «Qazaqstan» телеарнасында еліміздегі жеті саяси партияның қатысуымен ұлттық теледебат өтті. Тікелей эфир форматында ұйымдастырылған пікірсайыс сайлауалды науқанның маңызды кезеңдерінің біріне айналып, партияларға өз бағдарламаларын көпшілік алдында таныстыруға мүмкіндік берді. Ашықтық пен теңдік қағидаты сақталды Пікірсайыс басталар алдында партия өкілдері Әдеп хартиясына қол қойып, пікірталас барысында өзара сыйластық пен саяси мәдениетті сақтау жөнінде міндеттеме қабылдады. Ал сөз сөйлеу кезегі кездейсоқ сандар генераторы арқылы анықталды. Жеребе нәтижесінде партиялар мынадай ретпен сөз сөйледі: «Ауыл», «Байтақ», «Әділет», ЖСДП, «Ақ жол», Respublica және Қазақстан Халық партиясы. Адами капитал – басты тақырып Биылғы теледебаттың негізгі тақырыбы ретінде адами капиталды дамыту мәселесі таңдалды. Партиялар білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, жастар саясаты, еңбек нарығы және жаңа экономикаға қажетті кадрлар даярлау бағытындағы өз ұстанымдарын таныстырды. Әрбір саяси партия өз бағдарламасының басымдықтарын ұсынып, ұсынылған бастамалардың тиімділігін негіздеуге тырысты. Сонымен қатар қатысушылар бір-бірінің бағдарламаларына қатысты пікір білдіріп, ашық саяси пікірталас жүргізді. Пікірсайыс барысында жеке басқа тиісу немесе әдеп нормаларын бұзу фактілері тіркелмей, талқылау бағдарламалық ұстанымдар аясында өрбіді.
Алғашқы дебаттың фавориті анықталды: саяси партиялардың алғашқы пікірсайысы қалай өтті?