АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Бұқаралық ақпарат құралдарына және онлайн-
платформаларды пайдаланушыларға арналған сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру ақысының мөлшері мен шарттары туралы мәліметтерді жариялау жөніндегі
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28-бабының 3-тармағына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды пайдаланушылар сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталғанға дейін кемінде бес күн бұрын, яғни 2026 жылғы 18 шілдеден кешіктірмей, шарттық негізде ұсынылатын сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру ақысының мөлшері мен шарттары туралы мәліметтерді жариялап, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына ұсынуға тиіс.
Шарт негізінде эфир уақытын, баспа бетін және ақпарат көлемін беретін бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды пайдаланушылар сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру ақысының мөлшері мен шарттары туралы мәліметтер жарияланғанға дейін партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыруға және таратуға құқылы емес.
Сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру ақысының мөлшері мен шарттары туралы мәліметтерді келесі электрондық пошта мекенжайларына жолдауға болады:
zh.tanirbergen@election.gov.kz
a.kulmaganbetova@election.gov.kz
Қазақстан Республикасының
Орталық сайлау комиссиясы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *