6 қараша 2026, жұма ⛅ Түркістан +14°C
  • USD 451,87
  • EUR 507,31
  • CNY 67,77
  • RUB 5,53
Жедел
Гражданство и безвизовые поездки: что стоит за цифрами о казахстанском паспорте Астанада шұғыл медициналық көмек көрсету инфрақұрылымы кеңейтіліп жатыр Күршімде тұрғындардан экологиялық ұсыныстар жинау бастамасы қолға алынды ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ФУТБОЛДЫ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНАДЫ ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДАҒЫ ШАҒЫН ӨНДІРІСТІК ПАРКТЕ 6 КӘСІПОРЫН ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ ТҮРКІСТАН: НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ШАРДАРАДАҒЫ 10 ОТБАСЫНА БАСПАНА КІЛТТЕРІН ТАБЫСТАДЫ НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ШАРДАРА АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ ТҮРКІСТАН: НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ШАРДАРАЛЫҚТАРДЫ ҚАБЫЛДАП, ӨТІНІШТЕРІН ТЫҢДАДЫ
Cаясат

Қазақстан қантты шетелден сұрауға мәжбүр

Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстан басқа елдерден қосымша қант сұрап жатқанын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Қазір 350 мың тонна бар. Біз басқа елдерден қант сұрап жатырмыз. Әлемде Бразилия, Үндістан және Вьетнам ірі жеткізушілердің бірі болып саналады. Бірақ Үндістан шектеу қойды, сондықтан келіссөздер жүргіземіз. Бүгінде қабылданған 350 мың тоннадан бөлек тағы 100 мың тонна сұрадық”, – деді Сауда министрлігінің басшысы Үкімет кулуарында.

Сұлтанов қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігі келіссөздер, есептеулер, индикативтік баланстарды ұштастыру жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтты, сондай-ақ 15 шілдеде Беларусьте ЕЭК кеңесінің келесі отырысы өтетінін, онда қант жеткізу мәселесі қосымша талқыланатынын еске салды.

27 мамырда Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанда қант тапшылығы жоқ деп мәлімдеген болатын.

Алайда Оралда дүкен сөрелерінде қант жоқ деген ақпарат хабарланды. Ал бар жерлерде келісіне 600 теңгеге дейін қымбаттап кетті. Сатушылардың сөзінше, жеткізушілер күн сайын әкелуге уәде береді, мүмкін құмшекер бағасы да өседі.

Кейін министр Сұлтанов “қант тапшылығы Ресей Федерациясының қант экспортына тыйым салуына байланысты” деді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *