4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Экономика

Бөлінген 8 миллиард қайда қалды?

Индустриалды аймақтардың 70 пайызының жағдайы мүшкіл. Облыстық инвестиция және экспорт басқармасының басшысы Қайрат Әзімов осылай дейді.

Шенеуніктің айтуынша, уақытында қыруар қаржы жұмсалып іске қосылған нысандарға шетелдік инвесторларды әкеліп таныстырудың өзі ұят көрінеді. Кейбірі жұмысын толық аяқтамаған. Ал, өзгесінде электр жабдықтары қолды болып кеткен.

Айта кетейік,  Түркістан облысында 9 индустриалды аймақ құрылған. Жалпы аумағы 698 гектар. Оларға қажетті инфрақұрылымды жүргізу үшін бюджеттен 8 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген.

Қайрат Әзімов, облыстық инвестиция және экспорт басқармасының басшысы: 

«Тоғыз индустриалды аймақтың 70 пайызы өте мүшкіл жағдайда. Оның ифрақұрылымынан бастап басқа да проблемаларын көтерсек, біраз талқылаймыз. Индустриалды аймаққа инвестициялық жобаларды орналастыра алмасақ, онда неге ашылды олар. Кезінде сонша қаражат бөлінді оларға. Қазір аудан деңгейінде шешілмеген біраз сұрақтар бар. Оған бірақ әкімдіктерін кінәлауға да болмайды».

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *