Әрбір азаматтың адал еңбегі лайықты бағалануы – әлеуметтік әділетті қоғамның маңызды көрсеткіші. Еңбек адамының құқығын қорғау, кәсіби дамуына мүмкіндік беру және жұмыс орнында әділ қарым-қатынас қалыптастыру мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті.
Конституцияда еңбек ету бостандығы мен қызмет түрін еркін таңдау құқығы бекітілген. Бұл қағидат азаматтардың өз қабілетін жүзеге асырып, қоғамның дамуына үлес қосуына жол ашады.
Түркістан облысында өндіріс, құрылыс, ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету салалары дамып келеді. Осы бағыттарда жаңа жұмыс орындарын ашумен қатар, еңбек жағдайын жақсарту мен мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға да басымдық берілуі қажет.
Еңбекке құрмет – елге құрмет. Әр адамның маңдай тері әділ бағаланған кезде ғана қоғамда тұрақтылық пен сенім нығаяды.