4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +13°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр Айдос Сарым: Президент Жолдауы ел тарихының сапалы кезеңіне жол ашады Жетісу облысында Мемлекет басшысының жаңа Жолдауында айқындалған стратегиялық міндеттер талқыланды Казахстан сохраняет региональное лидерство в Центральной Азии, три ведущих университета страны представлены в топ-100 рейтинга Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді Горный туризм — больше, чем отдых. Это новые возможности для экономики Алматы!
Экономика

КЕНТАУДА ГАЗ ҚАЗАНДЫҚТАРЫН ШЫҒАРАТЫН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Түркістан облысының Кентау қаласындағы арнайы экономикалық аймақта газ қазандықтарын шығаратын жаңа өндіріс орны іске қосылды. Жобаны жүзеге асыруға «TURAN Shenhua» ЖШС тарапынан 2,4 млрд теңге көлемінде инвестиция салынған. Кәсіпорынның жалпы аумағы 2500 шаршы метрді құрайды.

Жаңа зауытта жылына 30 мың дана газ қазандығы өндіріледі. Бұл өнімдер ішкі нарықта жоғары сұранысқа ие. Өндіріс орнының іске қосылуы нәтижесінде Кентау қаласының 40 тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылды. Аталған жоба өңірдің өндірістік әлеуетін арттырып, облыс экономикасының дамуына елеулі үлес қосады деп күтілуде.

Жаңа кәсіпорынды іске қосу рәсіміне Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков қатысып, жобаның маңыздылығын атап өтті.

“Бүгін біз Түркістан облысы үшін ғана емес, еліміз үшін де маңызды жобаның іске қосылуына куә болып отырмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және бұл салаға инвесторлар тарту жөнінде нақты тапсырмалар берген болатын. Осы бағытта өңірде жүйелі жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде Кентау қаласында газ қазандықтарын шығаратын жаңа зауыт ашылды. Жобаны жүзеге асырған инвесторларға алғыс айтамын. Жаңа бастамаға табыс тілеймін,” – деді облыс әкімінің орынбасары.

Кентау қаласында арнайы экономикалық аймақ (АЭА) және индустриалды аймақ жұмыс істейді. Сонымен қатар, «Қарнақ» шағын өнеркәсіп паркін ашу үшін 9,3 гектар жер бөлінген. АЭА-ның жалпы аумағы 35 гектарды құрайды және толық инфрақұрылыммен қамтылған. Бүгінде бұл аймақта «KentauRedStar» ЖШС кірпіш зауыты мен «Темір бетон» ЖШС темір-бетон бұйымдарын шығару кәсіпорны іске қосылған. Биыл қосымша 5 жобаны іске асыру жоспарланып отыр, нәтижесінде 150 жаңа жұмыс орны ашылады.

Индустриалды аймақтың жалпы аумағы 43 гектарды құрайды. Мұнда 10 жобаны жүзеге асыру жоспарланған, олардың нәтижесінде 309 жаңа жұмыс орны құрылмақ. Инвесторлар тарту және өндірістік кәсіпорындарды дамыту жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *