Сайрам ауданында Жібек жолы және Ақсукент бастауыш партия ұйымдарының мүшелерімен кездесулер өткізіліп, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі бағыттары мен басымдықтары түсіндірілді.
Кездесу барысында Президент Жолдауында айқындалған елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, экономиканы жаңғырту, халықтың әл-ауқатын арттыру, ауылдық аумақтарды дамыту және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері кеңінен қозғалды.
Сонымен қатар, Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асырудағы партияның рөлі, бастауыш партия ұйымдарының жауапкершілігі мен қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысу мәселелері сөз болды.
Жиын соңында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарымен бөлісті. Басты мақсат – Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерді халық арасында кеңінен насихаттап, олардың жүзеге асуына белсенді атсалысу.
ЖІБЕК ЖОЛЫ ЖӘНЕ АҚСУКЕНТ БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫНДА ЖОЛДАУ ТАЛҚЫЛАНДЫ