27 қараша 2026, жұма 🌫️ Түркістан 0°C
  • USD 458,85
  • EUR 503,50
  • CNY 68,90
  • RUB 5,59
Жедел
Выборы в маслихаты – обновление представительной власти и укрепление регионального развития Сайлау жаңартылған заңнама талаптарына сәйкес өтеді ЦИФРЛЫҚ ДӘУІР: ХАЛЫҚҚА ЖАҚЫН ӘРІ ТИІМДІ БАСҚАРУ 21 қараша – Дүниежүзілік телевидение күні ЦИФРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТ – АЗАМАТҚА ҚОЛАЙЛЫ ҚОҒАМНЫҢ БЕЛГІСІ РУХАНИ АСТАНАДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ: КОНСТИТУЦИЯҒА ҚҰРМЕТ – ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ Қазақстан БҰҰ-ның электрондық үкіметті дамыту рейтингінде 16-шы орынға көтерілді ТҮРКІСТАННЫҢ ТАРИХЫН ТАНЫТҚАН КӨРМЕ ӨТТІ
Uncategorized

Сайлау жаңартылған заңнама талаптарына сәйкес өтеді

2026 жылғы 12 қазанда Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды. Осыдан кейін Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс сайлауды 29 қарашаға белгіледі. Сайлау нәтижесінде 3 447 депутат сайлануы тиіс. Оның ішінде 20 облыстық мәслихатқа – 668, 38 қалалық мәслихатқа – 626 және 170 аудандық мәслихатқа 2 153 депутат сайланады.

Астана, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарындағы депутаттардың жартысы партиялық тізім бойынша, ал қалған жартысы бірмандаттық сайлау округтері арқылы сайланады. Аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың мәслихаттарында депутаттар тек бірмандаттық округтер бойынша сайланады. Осылайша, сайлаушылардың өздері танитын, мүдделерін қорғай алатын нақты кандидатты таңдау мүмкіндігі сақталады. Бірмандаттық сайлау округтерінде кандидаттарды саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер ұсына алады. Сонымен қатар азаматтардың өзін-өзі ұсыну құқығы да бар. Бір партия бір округ бойынша тек бір тізім ұсына алады. Бұл ретте тізімдегі әйелдер мен жастардың жиынтық үлесі кемінде 30 пайызды құрауы тиіс. Ал кандидат тек бір сайлау округі бойынша ғана ұсыныла алады.

Мәслихат депутаты болып 20 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы сайлана алады. Сот шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылған, бас бостандығынан айыру орындарында отырған, өтелмеген соттылығы бар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмысы немесе құқық бұзушылығы бойынша кінәсі сотта танылған адамдардың сайлануға құқығы жоқ.

Кандидаттар үшін ең төменгі жалақының бес еселенген мөлшеріне, яғни 425 мың теңгеге тең сайлау жарнасы белгіленген. Бұл жарна партия кемінде 5% дауыс жинаған жағдайда, сондай-ақ кандидат сайланған немесе кемінде 5% дауыс алған кезде қайтарылады.

Кандидаттарды ұсыну 14-27 қазан аралығында өтті. Сайлауалды үгіт-насихат 28 қараша күні сағат 00:00-де аяқталады. 28 қараша – тыныштық күні. Дауыс беру 29 қарашада сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Заңда көзделген жағдайларда аумақтық сайлау комиссиялары дауыс беру уақытын өзгерте алады. Сайлау қорытындылары бес күн ішінде шығарылады. Сайлауға қатысуға барлық жеті саяси партия жіберілді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *