28 қараша 2026, сенбі ⛅ Түркістан -1°C
  • USD 458,13
  • EUR 502,29
  • CNY 68,85
  • RUB 5,58
Жедел
ЖІБЕК ЖОЛЫ ЖӘНЕ АҚСУКЕНТ БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫНДА ЖОЛДАУ ТАЛҚЫЛАНДЫ АРЫС ЖӘНЕ КӨЛКЕНТ БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ Выборы в маслихаты – обновление представительной власти и укрепление регионального развития Сайлау жаңартылған заңнама талаптарына сәйкес өтеді «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ: ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЕҢБЕК АДАМДАРЫН ҚОЛДАУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ НЕГІЗІ «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ: ӘЙЕЛДЕР КӘСІПКЕРЛІГІН ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІН КЕҢЕЙТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ: АУЫЛ ЖАСТАРЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІН АШУ ЖӘНЕ СПОРТТЫ ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ: АУЫЛДАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН ЖАҚСАРТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ
Uncategorized

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ: ЕҢБЕК АДАМДАРЫНЫҢ МҮДДЕСІН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – БАСТЫ БАСЫМДЫҚТАРДЫҢ БІРІ

«Әділет» партиясының Түркістан облыстық сайлауалды штабының мүшелері мен облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар «Батсу Водоканал» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Басқосуда жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, еңбек адамдарының құқықтарын қорғау, әлеуметтік жағдайын жақсарту және өндіріс саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Кездесуге «Әділет» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Алмас Салимов бастаған партия өкілдері қатысты. Жиын барысында еңбек ұжымының қоғамдағы орны, кәсіби мамандардың ел экономикасының дамуына қосатын үлесі және жұмысшылардың мүддесін қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Алмас Салимов өз сөзінде мемлекеттің тұрақты дамуы ең алдымен адал еңбекке, кәсіби біліктілікке және еңбек адамына деген құрметке негізделетінін атап өтті. Оның айтуынша, түрлі салада күнделікті еңбек етіп жүрген азаматтардың жұмысы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей ықпал етеді. Сондықтан жұмысшылардың құқықтарын қорғау, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту және еңбек етуге қолайлы жағдай қалыптастыру маңызды міндеттердің бірі.

Сондай-ақ партия өкілі «Әділетті болашақ үшін» атты бес жылдық сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарына тоқталды. Бағдарламада еңбек адамының мүддесін қорғау, жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейту, әлеуметтік кепілдіктерді жетілдіру, жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру және өндірістік әлеуетті дамыту мәселелері қамтылғаны айтылды. Бұл бастамалар еңбек нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге, азаматтардың кәсіби дамуына қолдау көрсетуге және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған.

Кездесу барысында «Батсу Водоканал» ЖШС қызметкерлері өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, жұмыс барысында кездесетін мәселелер мен еңбек жағдайларына қатысты ойларын жеткізді. Партия өкілдері еңбек ұжымының пікірлерін тыңдап, көтерілген мәселелердің маңыздылығына тоқталды. Мұндай кездесулер жұмысшылардың қажеттіліктерін түсінуге, олардың ұсыныстарын ескеруге және қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, кәсіби кадрларды даярлау және еңбек адамдарына лайықты жағдай жасау – экономиканың тұрақты дамуының маңызды шарттары. Өндіріс пен коммуналдық салада еңбек ететін мамандардың жұмысына қолдау көрсету, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету және кәсіби әлеуетін дамыту өңірдің инфрақұрылымдық тұрақтылығына да ықпал етеді.

Жиын қорытындысында еңбек ұжымымен тұрақты байланыс орнатудың, азаматтардың ұсыныстарын тыңдаудың және олардың мүдделерін ескерудің маңыздылығы айтылды. «Әділет» партиясының өкілдері еңбек адамдарының мәселелеріне назар аудару, жұмыспен қамту мен әлеуметтік қолдау бағытындағы бастамаларды жүзеге асыру қоғамның тұрақты дамуына негіз болатынын атап өтті.

 

Тапсырыс беруші: Салимов А.А.
Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *