16 қараша 2026, дүйсенбі ☀️ Түркістан +2°C
  • USD 444,30
  • EUR 490,91
  • CNY 66,59
  • RUB 5,41
Жедел
Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдемелер шындыққа сәйкес келмейді Открытость государственных органов — основа доверия общества ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАПТЫ ТҮРКІСТАНДА СТАЛКИНГ МӘСЕЛЕСІНЕ АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫН ЖЫЛЫНА 300 ТОННА БАЛЫҚ ӨНДІРУГЕ ҚАУҚАРЛЫ ТӨЛЕБИ АУДАНЫ ТОЛЫҚ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ Облыс әкімі жылына 300 тонна балық өндіретін кәсіпорынның жұмысымен танысты Облыс әкімінің Төлеби ауданына жұмыс сапары басталды
Басты жаңалықтар

Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдемелер шындыққа сәйкес келмейді

Қолданыстағы қағидалар ата-аналардың балалар коляскасымен қоғамдық көлікте жүруіне тыйым салмайды.

Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына енгізілген өзгерістерге сәйкес, автобус салоны шамадан тыс толған жағдайда, ата-анаға арналған бос орын болған кезде балалар коляскасымен жиналған күйде алып жүру көзделген. Бұл ретте коляска жолаушылардың еркін қозғалуына кедергі келтірмеуі тиіс.

Аталған талап жолаушылардың, оның ішінде балалар мен оларды алып жүретін ата-аналардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ автобус салонындағы еркін өту жолын сақтауға бағытталған.

Егер ата-анаға балалар коляскасын жинау қолайсыз болса, ол сапарын колясканы жайылған күйінде жалғастыра алады.

Бұл ретте айыппұл салу, жолаушыны автобустан түсіру немесе өзге де санкциялар қолдану көзделмеген.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *