8 қараша 2026, жексенбі ⛅ Түркістан +19°C
  • USD 447,14
  • EUR 499,54
  • CNY 67,03
  • RUB 5,46
Жедел
350 тысяч тенге дохода, несколько квартир и автомобиль: какие семьи в Казахстане считаются обеспеченными? 350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады? 350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады? Адам, оның құқықтары мен қадір-қасиеті – Конституцияның басты құндылығы Барлық аймақта шығармашылық үйлері, спорт кешендері, кітапханалар және ғылыми орталықтар бой көтеруі керек. Қасым-Жомарт Тоқаев Гражданство и безвизовые поездки: что стоит за цифрами о казахстанском паспорте Астанада шұғыл медициналық көмек көрсету инфрақұрылымы кеңейтіліп жатыр Күршімде тұрғындардан экологиялық ұсыныстар жинау бастамасы қолға алынды
Uncategorized

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

Цифрлық отбасы картасы қазақстандықтардың табысын, мүлкін, көлігін және несие міндеттемелерін ескеріп, отбасыларды әлеуметтік әл-ауқатына қарай бес санатқа бөледі.

 

Қазақстанда отбасының әлеуметтік әл-ауқатын анықтау кезінде тек ай сайынғы табыс көлемі ғана емес, оның меншігіндегі баспана, көлік, жер телімі, кәсіпкерлік қызметі және несие міндеттемелері де ескеріледі. Осы көрсеткіштердің барлығы Цифрлық отбасы картасы арқылы сараланып, әр отбасының материалдық жағдайы мен әлеуметтік қолдауға мұқтаждығы бағаланады. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істеп келе жатқан жүйеге 20,6 миллион қазақстандық енгізілген. Олар 6,2 миллион отбасыға біріктірілген. Отбасының әлеуметтік жағдайын анықтау үшін 59 өлшемнен тұратын сегіз негізгі бағыт қарастырылады. Олардың қатарында табыс деңгейі, тұрғын үй жағдайы, меншіктегі мүлік, көлік, жер учаскесі, кәсіпкерлік қызмет, отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтылуы және несие бойынша берешектер бар.

Цифрлық отбасы картасы қазақстандық отбасыларды әл-ауқатына қарай бес санатқа бөледі. А санатына әл-ауқаты жоғары, В санатына тұрмысы бақуатты, С санатына жағдайы қанағаттанарлық, D санатына экономикалық тұрғыдан осал, ал Е санатына экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан осал отбасылар жатқызылады. Мәселен, А санатына енгізу кезінде отбасының әр мүшесіне шаққандағы табысы жеті күнкөріс минимумынан кем болмауы ескеріледі. Бұл шамамен бір адамға 350 мың теңгеге тең. Сонымен қатар отбасының меншігіндегі жылжымайтын мүлік, тұрғын үй көлемі, коммерциялық нысандар, жеке бизнес пен автокөліктер де бағаланады. Дегенмен бір пәтердің немесе көліктің болуы отбасының автоматты түрде ауқатты санатқа жататынын білдірмейді. Шешім бірнеше көрсеткіштің жиынтығына қарай қабылданады.

Сонымен бірге мемлекеттік дерекқорлардағы ескірген немесе қате ақпарат отбасының әлеуметтік санатына әсер етуі мүмкін. Мәселен, азаматтың меншігінде жоқ жылжымайтын мүлік әлі де оның атына тіркеліп тұруы, сатылған көлік туралы мәліметтің жаңартылмауы немесе қызметін тоқтатқан жеке кәсіпкерліктің ресми түрде жабылмауы ықтимал. Мұндай жағдайда отбасының нақты әлеуметтік жағдайы жүйеде дұрыс көрсетілмеуі мүмкін. Сондықтан азаматтарға өздері және отбасы мүшелері туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеріп отырған жөн. Қате ақпаратты жылжымайтын мүлікке, көлікке немесе кәсіпкерлік қызметке жауапты мемлекеттік органдар арқылы түзетуге болады. Деректер тиісті жүйеде жаңартылғаннан кейін ақпарат Цифрлық отбасы картасына автоматты түрде түсіп, отбасының әлеуметтік әл-ауқат санаты келесі айлық есептеу кезінде қайта анықталады. Цифрлық отбасы картасының негізгі мақсаты – әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарды анықтап, оларға тиісті көмек шараларын ұсыну.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *