Әрбір азаматтың құқығы мен бостандығын қорғау, оның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу – құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаттарының бірі. Конституцияның өзегінде адам және оның заңды мүдделері тұруы тиіс.
Осы бағытта халыққа құқықтық көмек көрсетудің маңызы ерекше. Әр азамат заң аясында өз құқықтарын білуге, оларды қорғауға және қажетті жағдайда білікті заң көмегін алуға мүмкіндікке ие болуы қажет. Құқықтық кеңес беру, азаматтардың өтініштерін қарау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және заңнаманы түсіндіру – осы жұмыстың маңызды бағыттары.
Құқықтық көмек халыққа қолжетімді болған сайын, азаматтардың заңға деген сенімі артып, қоғамда құқықтық мәдениет қалыптасады. Бұл ретте мемлекеттік органдардың ашықтығы мен жауапкершілігі, сондай-ақ әрбір өтінішке бейжай қарамау маңызды.
Адамның құқығы мен қадір-қасиетін қорғау – тек заң талаптарын орындау ғана емес, әділетті әрі жауапты қоғам қалыптастырудың негізі. Өйткені мемлекеттің басты байлығы – адам, ал оның құқықтары мен бостандықтары әрдайым жоғары тұруы тиіс.