6 қараша 2026, жұма ⛅ Түркістан +14°C
  • USD 451,87
  • EUR 507,31
  • CNY 67,77
  • RUB 5,53
Жедел
Астанада шұғыл медициналық көмек көрсету инфрақұрылымы кеңейтіліп жатыр Күршімде тұрғындардан экологиялық ұсыныстар жинау бастамасы қолға алынды ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ФУТБОЛДЫ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНАДЫ ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДАҒЫ ШАҒЫН ӨНДІРІСТІК ПАРКТЕ 6 КӘСІПОРЫН ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ ТҮРКІСТАН: НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ШАРДАРАДАҒЫ 10 ОТБАСЫНА БАСПАНА КІЛТТЕРІН ТАБЫСТАДЫ НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ШАРДАРА АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ ТҮРКІСТАН: НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ШАРДАРАЛЫҚТАРДЫ ҚАБЫЛДАП, ӨТІНІШТЕРІН ТЫҢДАДЫ Масылдық пен негізсіз төлемдер: әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ФУТБОЛДЫ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде футболды дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес Түркістан облысында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен өткен жиында талқыланды.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облыс, аудан оратлығында, кент пен ауылда балаларға арналған футбол алаңы болуы қажеттігін атап өткен болатын. Сонымен қатар демеушілер қаржысы есебінен стадиондардың көпшілігін жаңғырту қажет немесе футбол стадиондарын салу міндетін жүктеді. Осы бағытта өңірімізде жүйелі жұмыстар атқарылуда. Футболды дамытуға баса мән беріп, жастардың спортқа қызығушылығын арттыру және өңірдің спорттық әлеуетін көтеру – маңызды міндеттердің бірі, – деді Ертай Алтаев.
Облыс әкімінің орынбасары жауаптылардың есебін тыңдап, футбол саласын дамыту бағытындағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды.
Айта кетейік, 7 қараша күні Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» стадионында Қазақстан кубогының 2026 жылғы финалы өтеді. Бұған дейін аталған стадионда Қазақстанның жастар құрамасының қатысуымен халықаралық деңгейдегі футбол кездесуі өткен болатын.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *