6 қараша 2026, жұма ⛅ Түркістан +14°C
  • USD 451,87
  • EUR 507,31
  • CNY 67,77
  • RUB 5,53
Жедел
Астанада шұғыл медициналық көмек көрсету инфрақұрылымы кеңейтіліп жатыр Күршімде тұрғындардан экологиялық ұсыныстар жинау бастамасы қолға алынды ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ФУТБОЛДЫ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНАДЫ ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДАҒЫ ШАҒЫН ӨНДІРІСТІК ПАРКТЕ 6 КӘСІПОРЫН ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ ТҮРКІСТАН: НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ШАРДАРАДАҒЫ 10 ОТБАСЫНА БАСПАНА КІЛТТЕРІН ТАБЫСТАДЫ НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ШАРДАРА АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ ТҮРКІСТАН: НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ШАРДАРАЛЫҚТАРДЫ ҚАБЫЛДАП, ӨТІНІШТЕРІН ТЫҢДАДЫ Масылдық пен негізсіз төлемдер: әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ШАРДАРАДАҒЫ 10 ОТБАСЫНА БАСПАНА КІЛТТЕРІН ТАБЫСТАДЫ

Түркістан облысы Шардара қаласында тағы 10 отбасы баспаналы болып, көптен күткен қуанышқа кенелді. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров тұрғын үйлердің кілтін иелеріне табыстап, шардаралықтарды қоныстоймен құттықтады.
– Баршаңызды бүгінгі қуанышты сәтпен шын жүректен құттықтаймын! Баспана – адамға жайлы өмір сыйлайтын мекен ғана емес, әр отбасының бақыты мен берекесінің, ертеңге деген сенімінің тірегі. Бүгін баспанаға қол жеткізіп, жаңа кезеңге қадам басқалы отырған отбасылар үшін бұл күннің орны
ерекше. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халықтың тұрмыс сапасын арттыруды, азаматтарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуді – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі ретінде айқындап келеді. Осы міндеттерді жүзеге асыру аясында өңірімізде тұрғын үй құрылысы жүйелі түрде жүргізіліп, азаматтардың баспана мәселесін шешуге басымдық берілуде. Биыл облыс көлемінде ауданы 175 мың шаршы метрден астам 102 тұрғын үй салынып жатыр. Осылайша, жыл соңына дейін 3000-нан астам пәтер пайдалануға беріледі. Міне, осы жылы да айтулы жұмыстар жалғасын тауып, тұрғын үй кезегінде тұрған 10 отбасыға жаңа пәтер кілттерін табыстағалы отырмыз. Бүгін – сіздер үшін ерекше қуаныш пен толғанысқа толы күн. Жаңа баспаналарыңыз құтты болсын! Әр шаңырақта отбасылық құндылықтар дәріптеліп, бала күлкісі мен қуанышқа тола берсін! – деді Нұралхан Оралбайұлы.
Үйлі болған тұрғындар осындай қуанышты сәтті сыйлаған Президентке, облыс, аудан әкімдеріне шынайы ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.
Кілт табыстау рәсімінен кейін облыс әкімі шаңырақ иелерімен бірге пәтерлерді аралады.
Жалға берілетін тұрғын үйлер жергілікті бюджет есебінен сатып алынған. Жалпы саны – 10 пәтер. Олар бір қабатты, екі пәтерлі 5 тұрғын үйге орналастырылған. Әр пәтердің жалпы ауданы – 100 шаршы метр. Ал әр тұрғын үйге тиесілі жер телімінің көлемі – 600 шаршы метр.
Жаңа баспаналар кезек реттілігіне сәйкес әлеуметтік осал топтағы азаматтарға берілді. Бұл – баспанаға мұқтаж отбасыларды қолдауға бағытталған жұмыстардың нәтижесі.
Пәтерлер тұрғындардың жайлы өмір сүруіне қажетті барлық жағдайлармен қамтылған. Әрқайсысы 4 бөлмеден тұрады. Ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілген, ағаш есіктер мен пластик терезелер орнатылған. Сондай-ақ санитарлық торап қарастырылып, автономды жылыту жүйесімен қамтамасыз етілген. Бұдан бөлек, тұрғын үйлер табиғи газ, ауыз су, кәріз жүйесі, электр энергиясы және жол инфрақұрылымына толық қосылған.
Аталған тұрғын үйлердің құрылысы 2026 жылдың ақпан айында басталып, уақтылы аяқталған. Жобаның инвесторы – Нұрсұлтан Жолдасов.
Айта кетейік, Шардара ауданында тұрғындарды баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Ауданда 2024 жылы – 164, ал өткен жылы – 72 отбасы қоныс тойын тойлады. Осылайша, соңғы екі жылда Шардара ауданында 236 отбасы баспаналы болды. Аталған баспаналар әлеуметтік осал топтағы азаматтарға, көпбалалы отбасыларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға берілді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *