6 қараша 2026, жұма ⛅ Түркістан +14°C
  • USD 451,87
  • EUR 507,31
  • CNY 67,77
  • RUB 5,53
Жедел
Астанада шұғыл медициналық көмек көрсету инфрақұрылымы кеңейтіліп жатыр Күршімде тұрғындардан экологиялық ұсыныстар жинау бастамасы қолға алынды ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ФУТБОЛДЫ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНАДЫ ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДАҒЫ ШАҒЫН ӨНДІРІСТІК ПАРКТЕ 6 КӘСІПОРЫН ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ ТҮРКІСТАН: НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ШАРДАРАДАҒЫ 10 ОТБАСЫНА БАСПАНА КІЛТТЕРІН ТАБЫСТАДЫ НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ШАРДАРА АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ ТҮРКІСТАН: НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ШАРДАРАЛЫҚТАРДЫ ҚАБЫЛДАП, ӨТІНІШТЕРІН ТЫҢДАДЫ Масылдық пен негізсіз төлемдер: әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ШАРДАРАЛЫҚТАРДЫ ҚАБЫЛДАП, ӨТІНІШТЕРІН ТЫҢДАДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тұрғындарды жеке қабылдауы Шардара ауданында жалғасты. Жұмыс сапарымен барған өңір басшысы азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын мұқият тыңдап, көтерілген мәселелердің шешілу жолдарын қарастырды.
Жеке қабылдауда тұрғындар негізінен жеке басына қатысты мәселелерді көтерді. Сондай-ақ ауыл шаруашылығына субсидия бөлу, жайылымдық жерлерді пайдалану, тамшылатып суару жүйесін дамыту және өзге де әлеуметтік мәселелер бойынша өтініштерін жеткізді.
Қабылдауға құқық қорғау органдарының өкілдері, жауапты басқармалар мен салалық мекеме басшылары қатысты. Облыс әкімі әрбір өтінішті мұқият тыңдап, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Бірқатар мәселе қабылдау барысында шешімін тапса, қосымша зерделеуді және уақытты қажет ететін өтініштер бойынша жауапты органдарға тиісті жұмыстар жүргізу міндеттелді. Түйткілдердің шешілу реті мен заңдылығы түсіндірілді.
Айта кетейік, өңір басшысының тұрғындарды жеке қабылдауы барлық аудан, қалаларда тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *