24 қазан 2026, сенбі ☀️ Түркістан +7°C
  • USD 451,05
  • EUR 504,95
  • CNY 67,62
  • RUB 5,60
Жедел
ТҮРКІСТАН: АРЫСТАҒЫ БАЙЫРҚҰМ АУЫЛЫНДА СПОРТ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ ОТЫРАР АУДАНЫНДА «ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ-ҰРПАҚҚА АМАНАТ» БАСТАМАСЫ АЯСЫНДА 500-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады NVIDIA жетекшісі Президенттің жаңа өнеркәсіптік революцияның бастапқы кезеңінде Қазақстанды жасанды интеллект елі ретінде өркендету жөніндегі стратегиялық мақсатын жоғары бағалады ТҮРКІСТАН: САРЫҒАШТА ЕКІ МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН АШЫЛДЫ Адам капиталын дамыту – еліміздің конституциялық міндеті. ️Қасым-Жомарт Тоқаев:   «Тағы бір маңызды міндет – білім беру саласын жан-жақты дамыту. Разработки казахстанских ученых-ядерщиков востребованы за рубежом АЭС
Басты жаңалықтар

ТАЗАЛЫҚТЫ САҚТАУ – ӘРБІРІМІЗДІҢ МІНДЕТІМІЗ!

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Оранғай ауылдық округі әкімінің аппараты тарапынан Оранғай елді мекеніндегі кәсіпкерлер мен тұрғындар арасында санитарлық тазалықты сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік нысандардың айналасын таза ұстау, тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын белгіленбеген орындарға тастамау, көшелер мен қоғамдық орындардың тазалығына жауапкершілікпен қарау қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар санитарлық талаптар туралы ақпараттық парақшалар таратылып, кәсіпкерлік нысандарға орналастырылды.
Таза орта – жайлы өмірдің кепілі. Ауылымыздың көркі мен тазалығы әрқайсымыздың ұқыптылығымызға байланысты. Сондықтан барша тұрғындар мен кәсіпкерлерді тазалық талаптарын сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға және туған жеріміздің көркеюіне бірге үлес қосуға шақырамыз!
Тазалықты сақтау – бір күндік жұмыс емес, күнделікті дағдымыз болуы керек!
#ТазаҚазақстан #СанитарлықТазалық
#ТазаАуыл
#Экология
#ОртақМіндет

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *