6 қараша 2026, жұма ⛅ Түркістан +14°C
  • USD 451,87
  • EUR 507,31
  • CNY 67,77
  • RUB 5,53
Жедел
Гражданство и безвизовые поездки: что стоит за цифрами о казахстанском паспорте Астанада шұғыл медициналық көмек көрсету инфрақұрылымы кеңейтіліп жатыр Күршімде тұрғындардан экологиялық ұсыныстар жинау бастамасы қолға алынды ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ФУТБОЛДЫ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНАДЫ ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДАҒЫ ШАҒЫН ӨНДІРІСТІК ПАРКТЕ 6 КӘСІПОРЫН ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ ТҮРКІСТАН: НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ШАРДАРАДАҒЫ 10 ОТБАСЫНА БАСПАНА КІЛТТЕРІН ТАБЫСТАДЫ НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ШАРДАРА АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ ТҮРКІСТАН: НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ШАРДАРАЛЫҚТАРДЫ ҚАБЫЛДАП, ӨТІНІШТЕРІН ТЫҢДАДЫ
Баға

Ет бағасы өсе ме?

Ет бағасының қатты өсуіне негіз жоқ. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министр ет бағасына болжам жасағанда бірнеше факторды ескеру керек екенін айтты. Біріншісі – мал басы. Екіншісі – қаржыландыру мәселесі.

“Ет бағасына қатысты тоқталсам, қазір ет өндірісінің көлемі тұрақты, артып та келеді. Экспортқа да шығарылуда. Жағдай тұрақты. Мал басы да арта түсуде. Өңделген еттің шетелге экспорт көлемі де ұлғаюда. Сондықтан жағдай тұрақты. Егер қарасаңыздар, баға өсімі бар. Яғни, жанармайдан бастап мал шаруашылығының шығындары артып отыр. Қажетті дүниенің бәріне баға өсіп келеді. Осыған байланысты біршама қымбаттауы мүмкін”, – деді министр Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Оның атап өтуінше, мал шаруашылығының кірістілік деңгейі біркелкі сақталуы тиіс. Егер олар шығынға батса, онда еттің қажетті көлемі де соған сай баға да болмайды.

“Бағаны болжау қиын. Бағаға болжам жасаған кезде бірнеше факторды ескергеніміз жөн. Бірінші фактор – мал басы. Бізде мал басы тұрақты артып келе жатыр. Екінші мәселе – қаржыларндыру. Еттің қымбат болуына, қатты қымбаттап кетуіне негіз жоқ”, – деді Ербол Қарашөкеев.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *