Құрылтай депутаттығына кандидаттарды ұсыну аяқталды. Орталық сайлау комиссиясына жеті саяси партиядан барлығы 546 кандидаттың құжаттары тапсырылған.
🔹«Ақ жол» демократиялық партиясы – 63 кандидат;
🔹«Ауыл» партиясы – 69 кандидат;
🔹«Әділет» саяси партиясы – 186 кандидат;
🔹«Байтақ» жасылдар партиясы – 47 кандидат;
🔹Қазақстан халық партиясы – 72 кандидат;
🔹Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 33 кандидат;
🔹Respublica партиясы – 76 кандидат.
«Барлық партия ұсынған құжаттар кандидаттардың Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберілді», – делінген Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавхат Өтемісовтің мәлімдемесінде.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *