5 қараша 2026, бейсенбі ⛅ Түркістан +11°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Большая стройка
Uncategorized

Ішкі істер министрлігі алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Алаяқтар азаматтармен Telegram мессенджері арқылы байланысып, өздерін мемлекеттік органдардың, компаниялар мен ұйымдардың басшылары ретінде таныстырады. Бұл ретте олар шынайы басшылардың фотосуреттері мен деректерін пайдаланады. Директордың, басшының немесе басқа да лауазымды тұлғаның атынан қаскөйлер қызметкерлерге шұғыл түрде көрсетілген есепшотқа ақша аударуды, қызмет ақысын төлеуді, қандай да бір тауар үшін қаражат жіберуді немесе өзге де қаржылық операцияларды орындауды талап ететін хабарламалар жібереді. Көбіне мұндай хабарламаларды бухгалтерлер, қаржы қызметкерлері және ұйымның қаражатына қолжетімділігі бар тұлғалар алуы мүмкін. Егер сіз осындай хабарлама алсаңыз: ақша аудармаңыз және қаржылық операцияларды орындамаңыз; міндетті түрде басшымен телефон арқылы немесе жеке байланысыңыз; телефон нөмірін, жіберушінің аккаунтын және хабарлама мазмұнын мұқият тексеріңіз; күмән туындаған жағдайда хат алмасуды тоқтатып, болған жағдай туралы басшылыққа және жауапты қызметкерлерге хабарлаңыз.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/iim-qarzhy-qyzmetkerlerine-alayaqtyqtyng-zhanga-shemasy-turaly-eskertedi/?fbclid=IwY2xjawTCl-NleHRuA2FlbQIxMABicmlkETFQSmVZeXdtczE0aHBBWGVkc3J0YwZhcHBfaWQQMjIyMDM5MTc4ODIwMDg5MgABHpRlzoLc526HRyzbBpZbcEzmk-UqLUWUkN2VMHRhW4CpX-yFi88V-HAPvHOn_aem_-EG8WlLQT1vzejeINWWyRA

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *