5 қараша 2026, бейсенбі ⛅ Түркістан +11°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Большая стройка
Uncategorized

Қазақстанда бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар бірқатар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді

2026 жылғы 8 шілдедегі жағдай бойынша есепті аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар бірқатар азық-түлік тауарлары бағасының төмендеуі байқалды.

Бағасы ең көп төмендеген өнім – қияр 6,5% арзандады. Сонымен қатар қызанақ (-4,1%), сәбіз (-2,1%), сүйексіз сиыр еті мен жұмыртқа (әрқайсысы 0,6%), сүйекті сиыр еті (0,3%), балық (-0,1%) бағалары төмендеді.

Өңірлер бөлінісінде елдің бірқатар қаласында дефляциялық динамика байқалды. Бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жалпы баға деңгейі Қызылорда мен Жезқазғанда (-0,4%), Петропавл, Өскемен, Қарағанды және Түркістан қалаларында (әрқайсысында -0,2%), Алматы қаласында (-0,1%) төмендеді. Астана, Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Семей және Тараз қалаларында бағалар алдыңғы апта деңгейінде сақталды.

Республика бойынша қиярдың орташа бағасы бір килограмына 549 теңгені құрады. Ең төмен баға Атырау қаласында тіркелді – бір килограмы 365 теңге.

Қазақстан бойынша тазартылған күріштің орташа бағасы бір килограмына 533 теңгені құрады. Ең төмен баға Қызылордада – 456 теңге және Алматыда – 478 теңге деңгейінде тіркелді.

Ел бойынша ақ қауданды қырыққабаттың орташа бағасы бір килограмына 196 теңгені құрады. Ең төмен баға Түркістан қаласында  – бір килограмы 136 теңге.Республика бойынша І санаттағы жұмыртқаның (10 дана) орташа бағасы 563 теңгені құрады. Ең төмен баға Қызылорда (460 теңге) және Ақтөбеде (484 теңге) байқалды.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағалары индексінің көрсеткіші апта сайын есептеледі. Бағаларды бақылау барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жүргізіледі. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының динамикадағы өзгерістерін Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының сайтынан және «Талдау» ақпараттық-талдау жүйесінен көруге болады.

*Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №362-НҚ бұйрығымен бекітілген және 31 атаудағы азық-түлік өнімдерін қамтиды

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *